Сенбі, 04 Сәуір 2020 23:33

Шымкент: тауарларды тасымалдауда қиындық жоқ

Шымкент қаласындағы ірі қоймаларды аралап шыққан қала әкімі М. Әйтенов осылай деді. Бағаны тұрақтандыру үшін 2020 жылы қордан 1,9 миллиард теңге қарастырылған. Мұрат Дүйсенбекұлы қажет болған жағдайда тағы 800 миллион теңге бөлуге болатынын жеткізді.

Тұрақтандыру қорының көлемі 2,2 миллиард теңгені құрайды. Қала әкімінің бастамасымен Шымкентте азық-түлік бағасын бақылайтын жедел жұмысшы тобы да құрылған. Әлеуметтік маңызы бар 11 азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін `Gramad Retail` ЖШС-мен келісімшарт түзілген. Сауда орыны өзінің өкілдіктерінде жыл соңына дейін бағаны тұрақты ұстап тұрады. Қала әкімі Шымкенттегі ең ірі «Барыс-2007» ЖШС қоймасына барды.  Онда  2-3 айға жететін қор бар.

Атап айтқанда  ұн, Макарон өнімдері, тұз тағы басқа тұтыну тауарлары. Өнімдердің қоры жеткілікті. Бағаны көтеруге де негіз жоқ. Сондықтан Мұрат Әйтенов саудагерлерді бірге болуға шақырды. «Халқымыз ешқашан қиын-қыстау кезеңде пайда көруді ойламаған. Керісінше, бір-біріне демеу болып, ауыр кезеңдерде көмек қолын соза білген халық. Саудагерлер де осыны естен шығармағаны жөн» - деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 467 рет