Оның ішінде ауданның тауар өндірушілері Ресейге 90 тонна азық-түлік өнімдерін экспорттады. Атап айтқанда, аудандағы жылыжайдың отаны деуге болатын Жартытөбе ауылдық округінің шаруалары бүгінгі таңға 52 тонна қырыққабат, 18 тонна көкөніс және 20 тонна қияр мен қызанақ өнімдерін жөнелтті.
Жылыжай шаруашылығы ауданда жылдан жылға көбейіп, жалпы көлемі бойынша да, алынған өнімі бойыншада Республикада көш ілгері тұрған сала. Бүгінгі таңда ауданда күніне жүздеген келі өнім жиналуда. Дайын өнімдер республикамыздың солтүстік өңірлері мен ТМД елдеріне, және алыс жақын шет елдерге экспортқа шығарылуда. Алдағы уақытта ауданда экспорт көлемін ұлғайтуға байланысты тиісті шаруалар атқарылуда.
Айта кетейік, Сарыағаш ауданының 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес, аудан бойынша ағымдағы жылы 65,1 мың гектар жерге егін егу межеленген болса, қазіргі таңда 29648 га егістік жерге күздік бидай, 5000 га арпа, 40 га жоңышқа себіліп және 3500 га картоп және 4358 га егістік жерге көкөніс егілді.
Сондай-ақ, жабық топырақ жағдайында, яғни 487 гектар қызанақ және 178 гектар қияр болып, жалпы 665 га жылыжайға көкөністер егілген.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.