Сәрсенбі, 15 Сәуір 2020 14:25

Түркістан: Сайрам ауданында жыл басынан бері 700 тонна ет экспортталды

Түркістан облысының Сайрам ауданы ет өндіруде еліміз бойынша алдыңғы қатарлы аудандардың бірі саналады. Індетке байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан мұндағы мал өсіріп,ет өнімін өндіретін шаруа қожалықтары жұмысын тоқтатқан жоқ.

Шаруа қожалықтар төтенше жағдай кезіндегі барлық сақтық шараларын қатаң сақтап жұмыс істеуде. Соның ішінде қызметкерлердің өауіпсіздігі басты назарда.

Нәтижесінде Сайрам ауданынан 2020 жылдың I тоқсанында Өзбекстан, Иран, Ресей мемлекеттеріне 465 бас мүйізді ірі қара мал мен 75 бас жылқы, 57 бас уақ мал тірідей және 506 тонна сиыр еті, 71,4 тонна қой еті сойыс салмағында экспортталған,-деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұдан бөлек, 566 тонна мал азықтық құрама жем Өзбекстан және Ауғанстан мемлекеттеріне жөнелтіліпті.
Экспорттан бөлек, сайрамдық ет өндірушілер өз өнімдерімен Шымкент қаласы мен Түркістан облысының және де Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе сынды қала тұрғындарын да қамтамасыз етіп келеді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.


 

Оқылды 421 рет