Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
«Мемлекетік бағдарламаға сәйкес, 2001-2019 жылдар аралығында отырғызылған алма бау көлемі 2578 гектарға жеткізілсе, 2018 жылы аудан көлемінде рекордтық өнім 25 мың 150 тонна алма өндірілген. 2019 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл көрсеткіш 20 000 тоннаны құрады» делінген хабарламада. Сондай-ақ 2020 жылы 100 га жерге алма отырғызу жоспарланса, бүгінгі таңда 78 га жерге алма бауы отырғызылды. Түлкібас ауданының шаруалары жалпы биылғы жылға жоспарлаған 100 гектар алма баудың 50 гектары қарқынды бау болмақ.
Сондай-ақ, алма өнімін қыс мезгілде сақтау жағы да қарастырылған. Айта кету керек, қыс мезгілінде сақтау мақсатында ауданда бүгінгі таңда 6 қойма жұмыс істеуде. Жалпы қоймалардың сиымдылығы 8900 тонна.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.