Жексенбі, 19 Сәуір 2020 14:57

Түркістан: Жетісайлықтар мақта егуді бастап кетті

Жетісай ауданы үшін көктем нағыз қарбалас шақ. Күн ысып жер қыза салысымен дихандар мақта және өзге дәнді дақылдарды егуді бастайды. Күн райы жылынғаны сол еді Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінің дихандары ауданда алғаш болып мақта егуді бастады.

Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызмеі фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Ауыл диханы Аппазов Оңалхан өзінің иелігіндегі 4.5 га аумаққа жоғары сұранысқа ие ауданның климатына арнайы ойлап табылған R2 сортты мақта тұқымын егіп жатыр. Өте жақсы өніма алатынына сенімді.

"Ауыл округ бойын 5450 гектардың 3000 гектар жуық жерге мақта егу жоспарлап отырмыз. Шаруалар судан тапшылық көрмеу үшін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес. Ауыл округіндегі барлық арық-атыздар өскінді шөптермен шөгінді тұнбалардан толықтай тазартылды" дейді ауыл әкімі Қанат Тілеуов.

Қосымша айта кететін болсақ, Жетісай ауданы бойынша биыл 38 мың гектарға мақта шиті себілу жоспарлануда.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 477 рет