Сейсенбі, 14 Сәуір 2020 23:03

Шымкенттің сауда қоймаларында азық-түлік жеткілікті

Бүгін «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері азық-түліктің жеткілікті екеніне көз жеткізу мақсатында «Санжар» сауда-логистикалық орталығының жұмысымен танысты.

Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы хабарлап отыр. Аталмыш сауда-логистикалық орталықта «Сұлтан», «Маркетинг», «Аделина», «Алина-3», «Дариол», «Масло-Дел» ЖШС қоймалары орналасқан. Негізінен онда азық-түлік қоры сақталуда. Қазіргі таңда орталыққа күн сайын 350-400 тонна көлемінде азық-түлік әкелініп, таратылуда екен.

Тауарлар Қазақстанның бүкіл аймағынан және алыс, жақын шет мемлекеттерден (Пәкістан, Иран, Қытай, Ресей, Беларусь және т.б.) жеткізіледі дейді төтенше жағдай жөніндегі штаб. Айта кетерлігі, бір ғана «Масло-Дел» ЖШС күніне 10 тоннаға жуық тауарын Шымкент қаласының тұрғындарына ұсынуда екен және ірі сауда орталықтарына өеткізіп беріп отырады. Мекеме басшылары елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері өнімдерге сұраныстың екі есе артқанын айтып отыр.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 350 рет