Сәрсенбі, 22 Сәуір 2020 13:38

Түркістан: Биыл Келес ауданында 33 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Түркістан облысы Келес ауданында биыл жол жөндеу жұмыстары қарқын алмақ. Нақтырақ айтсақ, аудан бойынша 33 көше орташа жөндеуден өткізілгелі отыр. Оның 16 көшесі, яғни 23,4 шақырымы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық және облыстық бюджет есебінен іске асырылады.

Бұдан бөлек, аудандық бюджет есебінен жалпы 12 ауылдық окрукке қарасты елдімекендердің 35,6 шақырымды құрайтын 17 ішкі көшесінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар.
2020 жылдың қорытындысымен аталған орташа жол жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының қанағаттанарлық жағдайы 80,6 пайызға жетіп, жалпы 98,8 шақырымды құрайтын болады. Ал ішкі көшелер бойынша жыл қорытындысымен қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдары 41,7 пайызға жетіп, жалпы 241 шақырымды құрамақ.
Айта кетейік, Келес ауданы бойынша республикалық маңызы бар жалпы 77,6 шақырым автомобиль жолы бар. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайы 78,3 пайызды құрайды. Ал облыстық маңызы бар 261,1 шақырым автомобиль жолы бар, оның ішінде қанағаттанарлық жағдайы 76,5 пайызға жеткен. Аудандық маңызы бар 122,5 шақырым автомобиль жолының қанағаттанарлық жағдайы 78,6 пайыз болса, елді мекендердегі ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 711,1 шақырым.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 411 рет