Дүйсенбі, 11 Мамыр 2020 11:00

Биыл Шымкент қаласында 417,6 шақырым жол жөнделеді

Оған бюджеттен 25,6 млрд. теңге бағытталған. Бұл тұрғыда салынған жолдың сапасы мен қауіпсіздігін қадағалайтын «Ұлттық жол активтері сапа орталығы» Шымкент қалалық филиалына да жауапкершілік жүктеліп отыр. Жалпы, жол құрылысы саласында қандай түйткілдер бар? 

Бұрын кез келген мердігер жол салуға бейіл болатын. Қазір ше? Қазір Қазақстанда «Ұлттық жол активтері сапа орталығы» РМК құрылғаны сол еді, қаша бастады. Оған себеп көп.  Мәселен, 2019 жылдың 3 айында «Ұлттық жол активтері сапа орталығы» Шымкент қалалық филиалы рейд жұмыстарын жүргізіп, 816 олқылық анықтапты. Қайталапайтайық, 816. Ал 2020 жылдың  І тоқсанындағы мәлімет мынадай.

«2020 жылдың 3 айында 277 ақау анықталды. Көп жағдайда суағардан ақау шығыпталапқа сәйкес келмей жатадыСонымен қатар асфальт салған кезде катоктарды дұрыс пайдаланбауы тағы барАсфальт келген кезде температурасы қадағаланбай жатады. Асфальт төселетін кезде 120 градустан төмен болмауы керек» - дейді «Ұлттық жол активтері сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының директоры Мұхтар Дүйсембеков.

Орталық республикалық маңызы бар жолдардың ғана емесжергілікті тораптардың сапасын тексеру, оған қатысты активтерді басқару, қауіпсіздігі деңгейін мониторингтен өткізужаңа технилогияларды енгізуді көздейдіМекеме жол сапасын тексеретін жылжымалы зертханамензаманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. 12 адам жұмыс істейді.  Биыл «Ұлттық жол активтері сапа орталығы» Шымкент қалалық филиалы бақылау шараларын тағы күшейте түспек ниетте. 

«Құны 100 млн. теңгені құрайтын 80-ге жуық  жабдық сатып алып отырмыз. Алдағы жоспар біздің филиалды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Біздің «Ұлттық сапа орталығының деңгейіне біздің мамандар сай болуы керек. Сол үшін біздің басшыларымыз бүкіл мамандарын оқытып жатыр» - дейді Мұхтар Дүйсембеков.

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы жолдардың 56,5%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Биыл 294 шақырым жол мен 6 көпір және 1 жолайрық пайдалануға беріледі.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 483 рет