Жұма, 19 Ақпан 2021 20:36

Түркістан: Өңірдің әлеуеті мен туризм саласын көтеретін бірден-бір жоба - Түркістан қаласының халықаралық әуежайы

 Өңірдің әлеуеті мен туризм саласын көтеретін бірден-бір ірі жоба Түркістан қаласының халықаралық әуежайының құрылысын атап өтуге болады.

Түркістан халықаралық әуежайы былтыр еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен техникалық іске қосылып, 1 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы әуе рейсі ұша бастады. Бүгінде әуежайдан Нұр-Сұлтан және Алматы  қалаларына әуе рейстері орындалуда. Алдағы уақытта еліміздің өзге қалаларына және шетелге әуе рейстерін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Жеке салымшылар тарапынан «Керуен - Сарай» кешені, халықаралық стандартқа сай «Rixos Turkistan», «Hampton by Hilton Turkistan», «НұрӘлем» қонақ үйлері сынды ірі жобалар салынып, оның «Rixos Turkistan», «Hampton by Hilton Turkistan» қонақ үйлер толық аяқталды. «Керуен - Сарай» кешені –көне шаһарға архитектуралық көрік беретін шығыс үлшігіндегі көп функционалды заманауи туристік жоба.

 Түркістан қаласының Бас жоспарына сәйкес, облыста алғаш рет 7 700 га аумаққа Жасыл белдеу құрылып, өткен жылы 2400 га аумаққа 1 млн - нан астам көшет отырғызылды. Жоспарланған меже биыл толығымен іске асады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 262 рет