Сенбі, 06 Ақпан 2021 21:40

Сарыағаш ауданы бір алқаптан 2-3 рет өнім алу бойынша алдыңғы қатарда

Сарыағаш ауданы бір алқаптан 2-3 рет өнім алу бойынша көш басында тұр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев егістік алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу инновациялық технологиясын әрбір ауылдық округке енгізу бойынша тапсырма берген болатын.  Бұл бастама облыстағы ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін еселеп, сауда-саттықты, жалпы аймақтың экономикасын дамытуға оң серпін беруде. Бұл бағытта Сарыағаш ауданы көш басында келеді. Өткен жылы ауданда бір алқаптан 2-3 өнім алу бойынша 910 гектар жоспарланған болса, көрсеткіш жыл соңына дейін 921 гектарға жеткен. Бұл туралы Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев жылдың қорытынды есебінде мәлімдеді.

Тамшылатып және жаңбырлатып суғару әдісімен Сарыағашта 404 шаруа қожалығы тиімді бағдарламаның жемісін көріп отыр. Шаруалардың өнімдері бүгінде отандық және шетел нарыққа шығарылуда.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша жылыжай көлемінің 60 пайыздан астамы Сарыағаш ауданына тиесілі.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 291 рет