Дүйсенбі, 22 Ақпан 2021 22:38

Түлкібас ауданында 50 гектар аумаққа алма көшеттері отырғызылады

Түлкібас ауданында 50 гектар аумаққа алма көшеттері отырғызылуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

Түлкібас ауданында алма жемісін өсіруге қызығушылық танытқан шаруалар қатары жыл санап артып келеді. Солардың бірі «Нұрсәуле» ЖШС-і. Ауа райының қолайлылығын пайдаланып көшеттерді отырғызып жатқан шаруашылық алманың «Гала», «Голден Делишес», «Старкримсон» сынды сұрыптарын отырғызуда. Жалпы аумағы 50 гектар. Сонымен қатар, шаруашылық 4 гектар жер алқабына ерте пісетін шие көшеттерін егуде. Қазіргі таңда жерді өңдеп, көшет отырғызу жұмыстарына 60-қа жуық жергілікті тұрғындар тартылып отыр.

Қожалық төрағасы Ештаев Нүридиннің айтуынша, аталған жұмыстар өз қаржысы есебінен жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта мемлекеттік қолдаулар арқылы алма бау көлемін ұлғайту жоспарында бар. Сондйа-ақ, алма баудан мол өнім алу мақсатында тамшылатып суару әдісімен Израилдік технология енгізілмек. Бұл технологияның ерекшелігі — суды үнемдеп қана қоймай, өнім көлемін 2-3 есеге арттырады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 387 рет