Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 22:50

Жетісайда кәсіпкерлік қарқын алған

Экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау бағытында мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан маңызды бағдарламалардың нәтижесінде өткен жылы Жетісай қаласында кәсіпкерлер есебінен 3 млрд 40 млн теңге инвестиция тартылып, 14 кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілген.

Онда 124 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада 2000-нан аса шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелген.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 2-ші бағыты шеңберінде өткен жылы 12 азамат өз кәсібін жүргізу үшін 42,6 млн теңге, «Ырыс» микро қаржы ұйымы арқылы 2 азамат 16 млн теңге несие алған.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдау бойынша 321 азаматқа 555,6 мың теңгеден немесе 178 млн 347 мың 600 теңге қайтарымсыз грант берілсе, қаладағы электр энергиясы тапшылығын жою мақсатында құны 2,5 млрд теңгелік күн сәулесінен қуат алатын баламалы электр стансасы пайдалануға берілген. 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

Оқылды 388 рет