Сенбі, 27 Ақпан 2021 17:27

Ордбасы ауданы: «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында 72 жас кәсіпкер бинесін бастады

Ордабасы ауданында өткен жылы «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында 72 жас кәсіпкер 200 АЕК (556 000 теңге) грант иеленіп, кәсіптерін бастады.

Ауылшаруашылығы  мақсатында – 9 азамат несие алуға жолдама алды. «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы мал шаруашылығын дамытуға - 3 жас кәсіпкер, қарапайым заттар экономикасын дамытуға - 6 жас кәсіпкер несие алған (қой басын көбейтуге – 10,0 млн, ірі қара мал санын көбейтуге 30,0 млн, жылқы санын көбейтуге -21,0 млн, қарапайым заттар экономикасы - 30,0 млн).

Сонымен қатар, былтыр 660 жас маман жұмысқа орналасып, 52 жұмыссыз жас әлеуметтік жұмысқа тартылды. 287 жас маман жастар тағылымдамасынан өтті.

"Мәңгілік ел жастары-индустрияға» жобасын іске асыру барысында «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылы ауданнан солтүстік және шығыс өңірлеріндегі жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарына мектеп бітіруші 29 түлек жолданды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 303 рет