Бейсенбі, 26 Шілде 2018 12:12

Шымкент қаласының біраз бөлігіне газ беру уақытша тоқтатылмақ

Шымкент қаласының тұрғындары мен қала қонақтарының назарына! Шаһардың басым бөлігінде табиғи газ уақытша тоқтатылатын болады. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚӨФ-ның мәліметіне сүйенсек, бұл шара газ құбырларын тиісті сынақтан өткізу үшін жасалмақ екен.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚӨФ-ның берген мәліметінше, өндірістік қажеттілігі бойынша 2018-2019 жж. Қалтаев көшесіндегі ПГБ-6-дан тартылған газ құбырларында тиісті тексеру жұмыстары жүргізіледі. «Аталған жұмыстарды жүргізу барысында Ақназархан, Безделеев, Қалтаев, Смирнов, Жиделі, Елшібек батыр, Қазанғап ақын, Жанқожа батыр, Алдияров, Майлы қожа, Түркістан, Сматлаев, Алакөл, Сайрам, Достоевский, Челюскинцев, Орынбай ақын, Сүлейменов, Дундич, Қарасу, Ақсу, Манкент, Шалғынды, Бағысбаев, Олжабай батыр, Қараменде батыр көшелері, Тәуке хан өткелі мен Түркістан көшесінің тұйығында 23-25 шілде аралығында табиғи газдың берілу уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, ПГБ-42-ден, ПГБ-Ақжар, ГРУ-н/з, (К.Маркс бөлімшесі), ГРУ-н/з (Құрсай) ПГБ-н/з (Құрсай) ГРП-н/з (Кіші зауыты), ГРП-н/з тартылған газ құбырларына саңылаусыздығын сынаудан (испытание на герметичность) өткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізіледі», -делінген хабарламада. Аталған жұмыстарды жүргізу барысында ПГБ (Ақжар) - Сұлу төбе, Ордалы, Айыртау, Саумалкөл, Тәуелсіздік-1, 2, 3, 4, Ұшқын, Ынтымақ, Шымкент, Алтын Кемер, Қазақстанның 60 жылдығы, Мұратбаев, Құттыкөл, Сейфуллин, Қорғалжын, Ағынсай, Наурыз, Ақсу Жабағылы, Әуезов, Шаңды көл, Жеті қара, Өркен, Шаттық, Шымбаз,Тоқбергенов көшелерінде де көгілдір отын беру шектелмек. ПГБ-42-ден (Сәуле ш/а) Қазыбек би, Әулие сай, Абылай хан, М. Әуезов, Көктөбе, Жастар 1,2,3, Тәуке хан, Қонаев, Рысқұлбеков, Гүлисман, Нұршашу, Бесарыс, Баянауыл, Мүратбаев, Бәйдібек ата, Қазығұрт, Майлы қожа, Жабаев, Ақмешіт, Абай, Жеңістің 50 жылдығы, Ынтымақ, Жаңатас, Қызыл сұнқар, Жаңақұрылыс, Өндірістік, Азаттық, Келес, Жаңабазар көшелерінде де осындай тексерулер жүргізілмек. Сондай-ақ К.Маркс бөлімшесі мен Бадам және Құрсай мөлтекауданындағы Бекболатов, №1 бастап №18 көшесіне дейін, Жаңақұрылыс, Бұхар, «Жібек Жолы» базарында да 24-27 шілде  аралығында табиғи газдың берілу уақытша тоқтатылады.  

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Оқылды 10488 рет