Бейсенбі, 17 Қараша 2022 20:47

Сауранда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков 10 айдың қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг берді.

Ғани Құрмашұлының мәлімдеуінше, жаңадан құрылған ауданда инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріліп отыр. 2022 жылдың 10 айында инвестиция көлемі 15,7 млрд теңгеге орындалып отыр. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласы 6,8 млрд теңгеге жетті. Ал, өңдеу өнеркәсібінде 4,4 млрд теңге болса, жыл басынан бері шағын және орта бизнес көрсеткіші 5371 субъектіге жетті.

- Тұрғындарды толғандырған мәселелер кезең-кезеңімен орындалып келеді. Бүгінде Сауран ауданында 12 ауылдық округте жалпы 35 елдімекен бар, халық саны 106 мыңнан асады. Аудан бюджеті 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жалпы 5 есеге ұлғайған. 2021 жылдың 1 қарашасына жергілікті бюджетке 110,1 млн. теңге жоспарланып 178,3,1 млн. теңге қаржы түскен, орындалуы 1,6 есеге ұлғайып отыр, - деді аудан әкімі.

Бүгінгі таңда аудандағы 14 елдімекенге су қоймаларының тозығы жеткен құрылғыларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттары әзірленіп, мердігерді анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде, осы жылдың соңына дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ал 4 ауылдық округтегі 11 елдімекенге табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілген. Атап айтқанда, Үшқайық ауылдық округіне қарасты 4 елдімекенге биыл сәуір айынан бастап газ берілуде. Сонымен қатар, «Мемлекеттік жекеменшік әріптестік» (ГЧП) бағдарламасы аясында Жаңа Иқан, Шаға ауылдық округтеріне қарасты 6 елдімекенге табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 2020 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қабылдаудан өткізілген. Бүгінде екіжақты келісім-шарт түзіліп, биылғы қазан айынан бастап, Шаға ауылдық округінің 8 көшесіне газ берілді. Жыл соңына дейін қалған елдімекендерге газ берілетін болады.

- Елдімекендерді газбен қамту жұмыстары жоспарға сай іске асуда. Аудан орталығы Шорнақ елдімекенінің өзі қазір газбен қамтылған жоқ. Бұл ретте, магистральды газ құбырларын жүргізу бойынша Кентау қаласының әкімдігі тарапынан жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Шорнақ, Қосмезгіл және Еңбекші Дихан елдімекендеріндегі жаңадан қоныстанған аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2-нысанға ЖСҚ-ы әзірленіп жатыр. Биыл ауданда 36 шақырым құрайтын автожол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деді Ғани Құрмашұлы.

Брифингте аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды да атап өтті.

– Ауыл шаруашылығы аудан экономикасында жетекші орын алады. Осы ретте, бүгінгі күнге субсидия алуға 296 шаруа өтінім тапсырып, мемлекет тарапынан жалпы құны 716,4 млн теңге қаржылай қолдау алған. Алдағы уақытта жалпы құны 13 млрд 847 млн тг құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап, жер телімдерін қарастырып жатырмыз, - деді аудан басшысы.

Брифингте белгілі болғандай, ауданда кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 адам 15 млн.тг, АИО «Оңтүстік» микро қаржы ұйымынан 8 адам 660,3 млн.тг және «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 60 адам 250,0 млн.тг несие алған. «Бизнес жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «DIVALUX» ЖШС кәсіпорны 370 млн.теңге несие алды.

Осы жылы Иассы ауылдық округінде орналасқан «Sem Brend» жиһаз цехы, жоба құны 300,0 млн теңге, 100 жаңа жұмыс орның қамтитын жоба іске қосылды. Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан «GOLDEN Cotton» ЖШС кәсіпорны мақта талшықтарын қайта өңдейтін зауытын іске қосылды. Сондай-ақ Жаңа Иқан ауылдық округінде жоба құны 600 млн теңгені құрайтын 300 орынды жаңа мектеп «ДАРЫН КZ» ЖШС және жоба құны 1 млрд теңгені құрайтын 280 орынды жаңа мектеп «Жаңа Иқан» ЖШС-нің өз қаражасы есебінен пайдалануға берілді.

Туризм саласында да ауданда игілікті істер бар. Қазіргі таңда Ескі Сауран қалашығының аумағында «Сапар орталығының» құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Ескі Иқан ауылдық округінде кәсіпкерлердің демеушілігімен «Сапар орталығы» ашылды. Ал Оранғай ауылдық округінде жоба құны 2 млрд 200 млн теңгені құрайтын емдік сауықтыру және ойын-сауық қонақ кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл қонақ үй жеке демеушілер тарапынан іске асырылуда. Аталған қонақ үй келер жылы пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Сауран ауданынан Кентау қаласына 75 мың 552 га және Түркістан қаласына 4831 га ауылшаруашылық мақсатындағы жер облыстық мәслихаттың шешімі беріліп, Үкіметтің қарауында. Жаңа Иқан, Жібек жолы, Майдантал, Оранғай, Бабайқорған, Ескі Иқан ауылдық округтері аумағынан 259 жер иелеріне тиесілі 27 973,7 га. жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алынып, аталған ауыл округтерге ортақ жайылым үшін қаулы қабылданып, сәйкестендіру актісі рәсімделуде. Бұдан бөлек, 8 ауылдық округте 22,6 мың га жер телімдері ортақ жайылымға бекітіліп, сәйкестендіру актісі рәсімделген. Аудан көлемінде 145 жер иеленушімен, алаңы 32,3 мың га. келісім-шарт түзумен меморандум арқылы ортақ жайылымға келісілді. 2022 жылға бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, атқарылатын ортақ жайылым іс-шаралар жоспары жыл соңына дейін орындалады.

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша ауданда 7 мектептің құрылысына арнайы жер орындары белгіленіп, құжаттары рәсімделуде. Білім ордалары 2023-2024 жылдар аралығында бой көтереді деп жоспарланып отыр.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

 

Оқылды 713 рет