Жұма, 20 Қаңтар 2023 21:44

Түркістан: Мемлекеттік гранттарға қатысу және кәсіпкерлікке бейімдеу сөз болды

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде кездесу өтті.

▪️Түркістан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында жобаларды ұйымдастыру мен іске асыру мақсатында аудан, қаладағы жастар ресурстық орталықтары мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының бірлесіп жұмыс жүргізу бойынша дөңгелек үстел өтті.

▪️Дөңгелек үстелде қаралған алғашқы негізгі мәселе жастардың жұмыспен қамтылуы. Сонымен қатар, мемлекеттік гранттарға қатыстыру және кәсіпкерлікке бейімдеу. Кездесу екі тараптың Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасымен Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арасындағы өзара ынтымақтасты дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс жоспары түзілді.

▪️Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық модератор болды. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшы орынбасары Ақымбетов Бақыт Сәрсенбайұлы, Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Темірбаева Әсия Құралқызы өзара ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс жоспарын түзді. Жастарға қатысты мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген заңдылықтар мен өзгерістері жайлы толыққанды ақпаратпен бөлісетін боламыз.

Оқылды 252 рет