Шымкентте 2020 жылы этноауыл бой көтереді

Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы дәрежесін 9 желтоқсанда Белоруссияның Брест қаласынан салтанатты түрде қабылдап алады. Бұл туралы Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының м.а. Ғалия Шарафиева БАҚ өкілдеріне берген баспасөз брифингінде мәлімдеді. 

Шымкентте "KIMEP UNIVERSITY" өкілдерімен кездесу өтті

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай «KIMEPUNIVERSITY» АҚ президенті Бэнг Чай Йан мырзамен кездесті. Жүздесу барысында университет президенті Чан Йан Бэнг мырза Шымкент қаласының білімді һәм талантты оқушыларына университет атынан 20 грант ұсынды. 

Шымкентте қоғамдық көлік қызметіне талап күшейді

Шымкентте жолаушы тасымалдаушы компаниялардың ісін арнайы құрылған жұмыс тобы бақылауды бастады. Олар 10 күн бұрын сала жұмысына жауаптылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ескерту берді. Бұдан былай тәртіпке бағынбағандарға аяушылық жоқ. Қала билігі тасымалдау талаптарын бұзған компанияларды бірден жұмыстан шеттетін болды. 

Шымкент қаласының әкімі ОҚМПУ студенттерімен кездесті

Шаһар басшысы Ерлан Айтаханов Шымкенттегі 82 жылдық тарихы бар, іргелі білім ошақтарының бірі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттерімен кездесті. Жастармен кездесу оқу ордасының археологиялық көрме орталығындағы зерттеу жұмыстарының жәдігерлерімен танысудан басталды. 

Шымкент: Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен халықаралық жайдарман күніне арналған ойын өтті

Үшінші мегаполистегі қалалық жастар ресурстық орталығында 8 қараша – халықаралық жайдарманшылар күніне орай маусымдық ойынның жартылай финалы өтті. Жергілікті ішкі чемпионат саналатын бұл ойындар нәтижесінде республикалық деңгейде өткізілетін телевизиялық жобаларға жайдарман топтары дайындалады. 

Шымкент: Қаратау ауданы әкімдігі азық-түлік бағасын шарықтатпауға күш салып отыр

Бұл туралы 10 айда атқарылған жұмыстарын баяндаған Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов айтты. Әсіресе, нан бағасын тұрақты ұстауға аудан билігі ерекше назар аударған

Шымкент: Қаратау ауданы әкімі сайрамдықтардың сапалы ауызсумен толық қамтылатынын айтты

«Қазіргі таңда Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аумағында тиісті жұмыстар қарқынды жүріп жатыр»- деді ағымдағы жылдың 10 айындағы атқарылған шаруаларға есеп берген Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов. Сонымен қатар ол Сайрам тұрғын алабындағы құрылысы жүріп жатқан облыстық маңызы бар 4 көшені де ағымдағы жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда екендігін атап өтті. 

Осы RSS каналға жазылу