Өмірзақ Шөкеев құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды

Түркістан облысында сақтық шараларын сақтай отырып кей құрылыс нысандарындағы жұмыстарды тәулік бойы жүргізуге болады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһар құрылысшыларымен кездесуінде атап өтті.

Түркістан облысында шаруаларды «Кең дала» бағдарламасы аясында қаржыландыру ісі қолға алынды

Түркістан облысында «Кең Дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу ісі қолға алынуда. Бұл жобаны «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микро қаржылық ұйымы қаржылындармақ. Осы мақсатта биыл 950 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, аталған бағдарлама бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ оператор болып бекітілген.

Түркістан: Төлеби ауданында 68 шақырым жол жөндеуден өтеді

Түркістан облысы Төлеби ауданында өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 28,838 шақырымды құрайтын 27 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ал биылғы жылы 42 көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр,-деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы кәсіпорындары арасында 3 экспорттық келісімге қол қойылды

Таяуда Өзбекстан Республикасы, Ургенч қаласында өткен "агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы" ІІ аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы кәсіпорындары арасында жалпы сомасы 50 млн. АҚШ долларын құрайтын 3 экспорттық келісімге қол қойылды.

Түркістан: Мемлекеттік қолдаудың арқасында отандық өнім экспорты өсуде

 

Түркістан облысында сыртқы сауда экспорты тоқтаған жоқ. Керісінше қолдау тауып, қарқынды жүзеге асырылуда. Негізгі шикізаттық емес экспортталатын тауарлар бұл - уран, ұн, трансформаторлар мен балық өнімдері және күркетауық еті.

Түркістан: Сайрам ауданында 100 гектарды құрайтын бау егу ісі қолға алынды

 

Бүгінгі таңда қарқынды бау-бақша мен жеміс-жидек өсіру ісі ауыл шаруашылығындағы ең тиімді бағыттардың бірі саналады. Өйткені бұл жалпы өнділген өнім көлемін еселеп ұлғайтуға септігін тигізе алатын бағыт.