Шымкенттік кәсіпкер мемлекеттік қолдау арқылы медициналық құрал-жабдықтар алған

Бүкіл әлемді жаулаған пандемия барша адамзатқа денсаулық қадірін түсіндіріп, тазалыққа үйретті. Коронавирустың кең таралған тұсында ауруханалардағы төсек-орындар саны жетпей, дәрі-дәрмек тапшылығы да орын алды. Осындай кезеңде емханаларда стационарлар ашылып, тәулік бойы тұрғындарға медициналық қызмет көрсетті.