Түркістан: Шаруалардың шаруасы шешілуде
Түркістан облысы Келес ауданында биыл 24 200 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілді.
Түркістан облысы Келес ауданында биыл 24 200 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілді.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын бақылады. Құрылыс алаңдарындағы жұмысты көзбен көріп, әр нысанның сапалы, әрі тиісті архитектуралық талапқа сай салынуы қажеттігін қадап айтты.
Шардара ауданы әкімінің орынбасары Ағатай Тәженов және аудандық ауыршаруашылық бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұлов: Достық, Ақалтын, Сүткент, Қызылқұм және Алатау батыр ауылдық округтерінде болды. Көктемгі дала жұмыстарының басталуына байланысты жергілікті шаруалармен кездесті.
Түркістан облысы Түлкібас ауданында алма бау көлемін арттыру жылдан жылға қарқын алып келеді. Биыл ауданда жеміс-жидектің көлемі 3335 гектарды құрап отыр.
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. Брифингте «Халық банкі» АҚ Шымкент өңірлік филиалы директорының орынбасары Айжан Досымбекова, «Банк Хоум Кредиттің» Шымкент қалалық филиалының директоры Ахатай Тілеукеев төтенше жағдай кезіндегі банк қызметтері мен банкоматтардың жұмысы туралы баяндады.
Түркістан облысының Сайрам ауданы ет өндіруде еліміз бойынша алдыңғы қатарлы аудандардың бірі саналады. Індетке байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан мұндағы мал өсіріп,ет өнімін өндіретін шаруа қожалықтары жұмысын тоқтатқан жоқ.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының дихандары көршілес елдерге және еліміздің бірнеше өңірлеріне бүгінгі таңға 866 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жөнелтіп үлгерген,-деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жүргізген мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылдың І тоқсанында жалпы соммасы 221 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізді.