Қазақстанның оңтүстігіндегі шаруалар арзан бағадағы суармалы сумен қамтамасыз етіледі

Биылдан бастап еліміздің оңтүстігіндегі бірқатар шаруалар үшін суармалы су беру қызметінің құны арзандады. Себебі 2024 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық аясында «Қазсушар» мекемесі тұтынушылармен тікелей келісімшартқа отырып жатыр. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

Бұл ортадағы делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді. Тиісінше бірқатар тұтынушылар үшін қызметтердің құнын арзандатады. Бүгінгі күні «Қазсушар» оңтүстік аймақтағы 1740 шаруа қожалығымен су беру бойынша келісімшарт жасады. Қалған өңірлерде шартқа отыру жұмыстары наурыз айында басталады.

Су ресурстары және ирригация министрлігі биылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тікелей келісім-шартқа отыра бастады. Осы арқылы шаруаларға су беру қызметінің құнын арзандатылмақ. «Қазсушар» мекемесі 2024 жылдың вегетация маусымына 19 мыңнан астам тұтынушымен келісім-шартқа отыруды жоспарлап отыр. Барлық өңірлер бойынша сәуір айынан суармалы су беріле бастайды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Түркістан облысында 900 мың гектарға жуық жерге көкөніс, бақша дақылдары мен егін егілуде

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары қарқын ала түсті. Осы салада нендей мәселелер бар? Жоспарлар қандай? Осы және өзге де сұрақтарға облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде жауап берілді. Өңір басшысы ауыл шаруашылығына тиісті көңіл бөлініп, жеңілдетілген жанар-жағармай, тыңайтқыштар мәселесі жылдағыдан ертерек шешімін тапқанын айта келе осы игілікті үйлестіріп, шаруаларды қолдау керектігін жеткізді.

Ордабасы ауданында су үнемдеу технологиясы енгізгілген жер көлемі 4 272 га жеткен

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен су үнемдеу технологияларын ендіру бойынша жиын өтті. Жиынға инвестициялық жобаларды қолдау және экспортты жылжыту бөлімінің басшысы Жомарт Бердіхан, “Omad start” кәсіпорны директорының орынбасары Алишер Шәметов, ауданның және Бәйдібек ауданының агроқұрылым төрағалары мен шаруалар, ауыл әкімдері, тиісті бөлім мамандары қатысты.

Созақ ауданы: биыл аудандағы 21 нысанға 6,8 млрд теңге бөлінген

Биылғы жылы ауданның әлеуетін арттыратын 21 нысанға 6 миллиард 808 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллиард теңгеге артып отыр. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Мағауия Тұрысбеков және Бегімбет Байғараевтың тұрғындармен өткізген есептік кездесуінде баяндалды.

Түркістан: мақталы өңірде балық шаруашылығын дамытуға күш салынуда

Бүгінде жасанды тоғандар мен су нысандарында балық өсіру бойынша елімізде Түркістан облысы көш бастап тұрса, соңғы жылдары Жетісай ауданында тауарлы балық шаруашылығымен айналысуға деген қызығушылық артып келеді. Соның бірі – Атамекен ауылдық округінің тұрғыны Өмірзақ Маханов.