Түркістандағы халықаралық форумда өңірдің көлік-логистикасын дамыту жолдары қаралды
Түркістанда әлемнің түкпір-түкпірінен үздік бизнес және туризм өкілдерінің басын қосқан TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумы өтіп жатыр. Келелі басқосуға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей және Қытай елдерінің беделді саясаткерлері, ірі кәсіп иелері, сала көшбасшылары мен сарапшылары, инноваторлары қатысуда.