Түркістан облысында қарқынды бау көлемі биыл 5405 гектарға жеткізіледі

Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды ірі жобаны іске асырылуда. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта отандық инветсорлардың үлесі артып келеді.

Сайрам ауданында 2025 жылға дейін агроөнеркәсіп кешенінің өнім көлемін 1,5 есеге арттыру жоспарлануда

Түркістан облысы Сайрам ауданында 64 млрд. теңгеге 19 жобаны іске асырып, 614 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 12-сі өңдеу бағытындағы іске асатын жобалар. Биыл 6 айда 6,8 млрд. теңгеге 5 жоба іске қосылып, 155 жұмыс орны ашылды. Күнбағыс майын шығаратын цех, газоблок зауыты, алкогольсыз сусындар шығаратын зауыт, жылыжай құрылысы жүзеге асты.

Созақтағы фермерлік шаруашылықтар 3914 қой аналығын несиелендіру жолымен сатып алған

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен тұрақты кездесуі Созақ ауданында жалғасты. Биыл 6 айда Созақ ауданындағы өнеркәсіп көлемінің көрсеткіші 265 млрд. теңгені құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 40 млрд. теңгені құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 19 млрд. теңгеге артқан.

Түлкібас ауданы: жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 60 млрд. теңгеден асыру жоспарланған

Түлкібас ауданында жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 60 млрд. теңгеден асыру жоспарланып отыр. Алдағы үш жылда жалпы құны 10 млрд. теңгеден асатын 9 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 200 жаңа жұмыс орны ашылып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 2025 жылы 77 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.

Созақ ауданында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 378,3 млн теңге инвестиция тартылған

Созақ ауданында атқарылып жатқан істердің қарасы қалың. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, инвестиция тарту, экономикалық өсім – қарқынды. Түркістан облысының маңызды аудандарының бірі саналатын атаулы өңірдің аяқ алысы жаман емес. Кәсіпкерлік саласы мен ауыл шарушылығы саласы да жыл өткен сайын дамудың даңғыл жолына түсіп келеді.

Бауырлас елдердің инвесторлары Түркістан өңірінің әлеуетін жоғары бағалады

Түркістанда өткен TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форум мазмұнды жиынмен жалғасты. Атап айтсақ, Түркістан төрінде Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті қорытындыларына арналған түркі сауда-өнеркәсіп палатасы одағының бизнес форумы өтті. Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің бизнес өкілдері қатысты. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бауырлас елдер арасындағы экономикалық байланыстар нығая түскенін мәлімдеді.

Түркістан: Дархан Сатыбалды бірнеше елдің инвесторларымен келіссөздер жүргізді

Түркістанда бизнес және туризм өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумына шет мемлекеттер мен еліміздің ірі кәсіпкерлері, инвесторлары келген болатын. Олардың бірқатарын Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жеке қабылдап, келіссөз жүргізді.

Халықаралық форумда ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыға түсті

Түркістан облысында алғаш рет бизнес және туризм өкілдерінің басын біріктірген TIF’23 - «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумы өтуде. Онда «Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібін дамыту» жайында панельдік сессия отырысы өтті.