Жексенбі, 19 Мамыр 2024 11:47

Түркістан: химия және биология сабағында оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» тақырыбында жиын өтті

Түркістан қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруы, бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен бөлімге қарасты №2 Хамза атындағы жалпы білім беретін мектепте химия-биология пәнінен «Химия және биология сабағында оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» тақырыбында қалалық ақпараттық семинар болып өтті.

Оқу мен оқыту үдерісінде мұғалімдердің жаңашыл педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыра отырып, білімді тұлғаны қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған семинардың ашылу салтанатында Түркістан қаласы білім бөлімінің әдіскері Ж.Н.Күмісбекова мен Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің директоры Д.Дийметова семинардың өтілу барысымен таныстырып, семинарға қатысушы мұғалімдерге сәттілік тіледі.

Қалалық семинарда Б.Атаева биология пәнінен 9 «Д» сыныбында «Адамның тұқымқуалау белгілерін зерттеу әдістері», Ж.Садыков химия пәнінен 10 «В» сыныбында «Алкандар. Алкандардың жану өнімдері», З.Аппакбаева биология пәнінен 7 «Ә» сыныбында «Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер», С.Ниязметова биология пәнінен 8 «Г» сыныбында «Гормондар. Гуморальды реттелу», Х.Ражаметов химия пәнінен 8 «В» сыныбында «Еріген заттың массалық үлесі» тақырыптарындағы сабақтарын ұсынса, С.Вахапова «Биология - бақыт бекеті» тақырыбында оқушылар және мұғалімдердің қатысуымен тренинг, Ф.Убайдуллаева мен Н.Абдіхалық концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Семинардың қорытындысында Түркістан қаласы білім бөлімінің әдіскері Ж.Күмісбекова семинарға қатысқан барлық химия-биология пәні мұғалімдерінің пікірлерін тыңдап, озат тәжірибелерімен бөліскен семинарға жоғары бағасын беріп қортындылады.

Бүгінгі күні әлемдік ең озық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру құралдарымен жабдықталуға байланысты  болып отыр.   Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Оқушының білімін толық жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа технологиялық ақпарат құралдарына негізделген білімді сіңіруіміз қажет.

Мектептегі білім беруді ақпараттандыру – бұл заман талабы, ғасыр ағымы. Ұрпағымыздың кемеңгерлікке ұласқан ақыл-ойының, парасат – пайымының және жаңа арнада өріс алған мәдениетінің асқар шыңы болып табылады. Педагогтардың ақпараттық –коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану қызметі дайындығынан келесіні байқауға болады:

— педагогтардың компьютерлік техниканы пайдалануға қызығушылықтарының артқандығы.

— оқыту құралдары ретіндегі компьютерлік техниканы пайдаланудың ең маңызды психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сақтау. Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады: а) осы оқыту құралын пайдаланудың педагогикалық тұрғыдан тиімділігі; б) үйренушілердің оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері (компьютерлік техниканың жеке-маңызды қызмет құрылымына кіруі, үйренуші мен компьютерлік техниканың ұтымды диалогын орнату, өзіндік қызметті дамыту арқылы оқу-танымдық қызметті жандандыру, оқу үдерісін өз бетімен бақылауды ұйымдастыру, компьютерлік техникамен өзара іс-қимыл барысында үйренушілердің шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;)

— педагогтарды жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық, пәндік және кәсіби-педагогикалық даярлау үрдісінде  ақпараттық – коммуникациялық технологияларды  (АКТ) кешенді пайдалану.

Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің пайда болуы ақпараттардың мазмұнын адамның түрлі сезім мүшелері арқылы және аудиториямен интерактивті өзара әрекетке түсуі арқылы қабылдауды, түрлі техникалық құралдардың көмегімен іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Міне, осыған байланысты оқулық, дәптермен салыстырғанда электрондық құралмен оқыту дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады.

Білім беруді жаңарту, 12 жылдық білім беруге көшу — бұл барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол «жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзіретті тұлғаны қалыптастыру және дамыту» болып табылады. Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар педогог қызметінің барлық саласына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Бүгінгі таңда қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.

Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр.  Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды. Үш білім саласының   қиылысу   ортасында Технологиялық педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек.

Оқыту   барысында оқушылардың  сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін ақпараттық технологияларды (электрондық оқулық, слайд, интерактивті тақтаман, видео т.б) тиімді пайдалану, әрі оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру арқылы жеке тұлға болып қалыптасу үшін білім білік дағдыларын қалыптастыру.  Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойды.

Қазіргі  кездегі білім берудегі мақсат жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім,өзіндік ой талғамы бар,  қабілетті  жеке  тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау саналарын жетілдіріп,өз алған білімдерін іс жүзімен ұштастыра алуға жол ашу.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,  шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытыудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды талап етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл сауаттылықтың алғаш баспалдағы мектептен басталады. Осы модуль қысқаша теориялық кіріспеден, суреттермен анимациялық материялдардан, жұмысынан тұрады.

АКТ-ны пайдалануда сабақтың көптеген ерекшеліктері бар:

Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;

Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды уақытында шешуге болады;

Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды, компьютерді жұмыс істеуге үйренеді;

Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін практикамен ұштастырады;

Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;

Мұғалімдердің  ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды (АКТ) қолданудағы тәсілдері:

Дәстүрлі педагогика жаңа педагогика кітапта қанша бар болса, сонша және мұғалім қанша айтса, сонша білу мұғалім оқушыға білім береді.

Мұғалім оқу үшін оқушылар қағазға жазады. Анық, қолмен жазылған есеп оқушылардың ақпарат көздерін таңдауы шектеулі.  Оқушылар бір-бірінен жазбаны жасырады және мұғалімге ғана оқуға болады.  Нені білуді және нені еске сақтауды шешу мұғалім оқушыларды ақпаратты бағалауға, таңдауға ұйымдастыруға және сақтауға көмектеседі Оқушылар дискке жазады және желіде жариялайды Кәсіби, қағазға басылған құжаттар оқушылар жеке таңдау жасайды деп күтіледі.  Оқушылар өз жұмыстарын редакциялау және тексеру кезінде пікір алмасады

Ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды (АКТ)  қалай қолдану керек:

Мектептегі технологияларға мыналар жатады:

Теледидар бағдарламалары;

Сандық теледидар;

Интернет/WWW;

Ұялы телефон;

Ұтқыр қондырғыштар;

Компьютер/ноутбук;

Мазмұнды білудің технологиялық аспектісінің электрондық қауіпсіздігі.

БАҚ-пен жұмыс істеудегі құзырлылық дәстүрлі және жаңа байланыс қызметтері ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалану үшін адамдарға да, қоғамға да машықтырады, білім мен түсінікті игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар БАҚ көздерімен жұмыстағы құзырлылық адамдарға мазмұнды және коммуникацияларды  басқаруға, осы қызметтерді пайдаланумен байланысты әлеуетті тәуекелдермен өзін және өзінің отбасын қорғауға көмектеседі. Бірақ, мұғалімдердің негізгі рөлі оқушыларға Интернетті қауіпсіз пайдалануды үйретуге негізделеді. Ең үлкен қауіп: жеке ақпаратты ашатын оқушылар.

Шын мәнінде тыйым салынған деректерді ғаламтор арқылы көру оқушылар үшін аса қауіпті емес. Өзі туралы ақпаратты көрсететін баланың аңқаулығын пайдаланатындардан нақты қауіп төнеді. Әсіресе тіл алмайтын жасөспірімдер ата-аналарының ескертулеріне көңіл бөлмейтіндігінен  болар, соларға көп қауіп төнеді. Бала өзі туралы, мысалы үйдің телефоны немесе мекен-жайы  туралы  жеке ақпаратпен онлаин бөлісуінен туатын қатер әдепсіз суреттер қараудан әлдеқайда қауіпті. Интернетті пайдалану кезінде балаларға жеке ақпаратты сақтауды үйрету педагогтардың негізгі міндеті. Қандай жағдай болмасын   Оқушылар интернетте өзінің атын, телефонымен нөмірін немесе мекенжайын толық жазбауы тиіс.

Кіріспе бөлімінде оқытушы оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады. Содан кейін оқытушы осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша, сызба, кесте және тағы басқа белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс топты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы,  негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.

Бұл технологияны қолдану барысында оқу материалдарын дайындау көп уақытты талап ететіні байқалады.  Ал қазіргі заманғы интерактивті құрылғылар дайындыққа кететін уақытты шамамен үш есеге азайту мүмкіндігін береді. Интерактивті құрылғының ең бастысы – интерактивті тақта болып табылады. Сонымен қатар электронды материалдар қайта өңдеуге, қатесі болған жағдайда тез түзетуге, жетілдіруге өте қолайлы болып табылады. Және интерактивті құралдарды сабақта қолдану оқушылардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін, дайындықтарын арттыра түседі.

Қазіргі нарықтық қоғамда интерактивті тақталардың ондаған түрлері бар (ActivBoard, White Board т.б). Және олардың әрқайсысының өз бағдарламалық қамсыздандыруы, соған байланысты әр тақтаның ұсынатын өз құралдары болады. Жалпы ақпараттық технологияны сабақ барыстарында оқушыларға қолдану, қызығушылығының артатыны байқалады.

Жеке тұлғаның ақпараттық технология негіздерімен сауаттылығын арттыру арқылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен алған білімі не үшін керек?

Пәнге қызығушылығы артады, құлшыныс, жігерін оятады;

Шығармашылық қабілеттері артады;

Өз күш-жігеріне сенімділік, ширақтық пайда болады;

Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады;;

Оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады;

Ақпараттық – коммуникациялықтехнологияларны  (АКТ) қандай жағдайда нәтижелі болатынына мұғалімнің тигізер ықпалы зор және оқыту барысындағы білім сапасына да мұғалімнің үнемі көңіл бөліп отыруы аса маңызды.

Күтілетін нәтиже:

— жеке тұлға қалыптасып ақпараттық мәдениеті дамиды;

-кең ауқымды ақпараттар мен пайдалы мәліметтер алады, өзінің жеке болашағына бағыт – бағдар жасайды, сауаттылығы артады;

-жаңалықты меңгереді, жаңа шешімдер табуға дағдыланды;

-дүниетанымы кеңейіп, өз бетімен білім алуға және ойлауға үйренді;

— оқушының қабілеті дамып, өз бейімділігін таниды;

— ұстаз бен дара тұлға арасындағы байланыс ынтымақтастығы артады.                                              

Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі ақпараттық технология негіздері Абай айтқандай, жас баланың — «дара тұлғаның» әр нәрсені білсем, үйренсем деген ой – сезім, тілек, мүдделерді өсіру, қанағаттандыру, өрістету үшін қажет технология. Бұл технология — жан-жақты білім, тәрбие беретін, өміртанытқыш қызмет атқаратын құрал. Ұлт болашағы, өркениетті елдер қатарына жету үшін білім алу, жас тұлғаның ғылымды игеруге, имандылыққа, адамгершілікке, өнерлі болуға тәрбиелейді. Болашақта ақпараттық технологияны жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын интеграциялау мұғалімнің қарқынды дамуына, өзара байланыста белсенді қолдануына өте қажет.

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі - интерактивті техника және технология. Интерактивті технологияның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті оқушыларды даярлау мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жанжақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім бе-руде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, тал-данатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мә-дени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап етеді. Ақпараттандыру жағдайында білім алушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.

Оқушылардың құзіреттілігін пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану арқылы дамыту қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жанжақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.

Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс. 1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. 2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туып отыр. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы тандалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тындатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.

Жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығына,өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін,дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі. Оқушылардың белсенділігімен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту,қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау,осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс. Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, спапалы түрде қалыптастырып отыру қажет. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек.

Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың да ролі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарма-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Мұғалім сабақтарда жаңа әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілімен өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дағдысын,оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылып отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.

Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өсуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі таныуына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып танылады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру деп түсіну керек.

Оқылды 125 рет