Жексенбі, 19 Мамыр 2024 13:28

Түркістанда «Үздік үйірме жетекшісі» атты қалалық байқау болып өтті

Бүгінгі таңда мектептен тыс мекемелер мен мектептердегі үйірмелердің оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануында маңызы зор. Баланың білім алуымен қатар олардың белгілі бір бағытта қосымша білім алуы жасөспірімдерді құқықбұзушылықтан сақтанумен қатар бір кәсіпті игеруіне де ықпал етеді. Бұл бағытта жұмыс жасап жатқан Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты 6 мектептен тыс мекеме мен 34 мектептегі үйірмелер де жоғары деңгейде жұмыс жүргізіп, биік белестерден көрініп келеді.

Таяуда Түркістан қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруыменТөле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінің базасында мектептегі және мектептен тыс мекемелердегі үйірме жетекшілерінің қатысуымен «Үздік үйірме жетекшісі» атты қалалық байқау болып өтті. Байқау барысында үйірме жетекшілері өзара сынға түсіп, өздерінің дарындылықтарын, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде екі кезеңнен тұрған байқауда «Оқушылар сарайының» үйірме жетекшісі Абишова Мөлдір Серікқызы бас жүлдені жеңіп алды.

Алдағы уақытта осындай байқаулардың саны артып, өз жұмыстарын жоғары деңгейде көрсете береді деген ойдамыз. Байқау соңында білім бөлімінің әдіскері М. Искакова сөз алып, жетекшілердің жұмыстарына жоғары бағасын берді. Айта кетерлігі, облыстық байқауда да Мөлдір Серікқызы әріптестерінің арасында беделі биік болып, облыстық байқаудың да бас бәйгесін қанжығалады. Жеңімпаз ұстазымызды кәсіби жетістігімен құттықтай отырып, биік белестерді бағындыра беріңіз дейміз.

«Егер сен алдыңа бір жылдық мақсат қойсаң егін ек, бірнеше жылға мақсат қойсаң – ағаш отырғыз, ғасырларға мақсат қойсаң – ұрпақ тәрбиесімен айналыс», – дейді халық даналығы. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек - бұл еңбегіміздің жанғаны, тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі басқаруын, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді» – деп көрсетілген. Балаларға қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі, үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі.

Жас буынға қосымша білім беру жүйесі салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және қабілеттіліктерін дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағытталған. Жалпы, тәрбие беруде демалыс та, каникул да болмайтынын барлығымыз білеміз. Тәрбие барлық уақытта, барлық жерде жүзеге асады. Бала тәрбиелеудегі басты құралдардың бірі, балалардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы -  дұрыс ұйымдастырылған үйірме. Егер үйірменің жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен, қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса нәтижелі болады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі басқаруын, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді» — деп көрсетілген. Балаларға қосымша білім беру — білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі, үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі.

Жас буынға қосымша білім беру жүйесі салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және қабілеттіліктерін дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағытталған.Тәрбие процесін ұйымдастыруда үйірме жұмыстарының алатын орны ерекше. Жастарды өнерге, мәдениетке құштарлығын дамыту мен тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

Оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы – үйірме. Оқушылардың өзі қызығатын саласында практикалық жұмыспен айналысатын бірлестік. Егер үйірменің жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен, қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса нәтижелі болады.

Ойдағыдай жұмыс істеу үшін әрбір жеке үйірмені білім деңгейі, іскерліктері, дағдылары шамалас екі (ең көп болғанда 3 сынып құрған абзал). Мысалы: техникалық үйірме ұйымдастырылса бастауыш сынып оқушыларына негізгі орта буын сыныптарына екінші жыл үйренетін ал жоғарғы сыныптарға одан кейінгі жылдары ұйымдастырылатын үйірмені бірнеше сатылы түрде ұйымдастыруға болады.

Үйірме арнаулы бағдарлама негізінде бірнеше жарты жылға жасалатын жоспар бойынша жұмыс істейді. Мұндай бағдарлама мектептің оқу бағдарламасына қарағанда үлгі ретінде болады. Ол үйірме жетекшісінің мектептің оқу бағдарламасына қарағанда үлгі ретінде болады. Ол үйірме жетекшісінің мектептің мүмкіндіктері мен қажеттіктерін оқушылардың жеке ерекшеліктерін талаптары мен ынталары әзірлік дәрежелерін т.б. ескеріп, нақтылы жұмыс жасауды жеңілдететін бағыт болып табылады. Әрбір үлгі бағдарлама танымдық және теориялық мәліметтердің белгілі түрлерін көздейді. Бірақ практикалық жұмыстарды таңдау әрқашан тек қана бағдарлама бойынша болмайды. Олардың орындалуы көптеген себептерде материалдық детальтармен саймандардың болуына жетекшінің білім мен іскерлік дәрежесіне үйірме мүшелерінің техникалық даярлығы мен ынталарына байланысты.

Практикалық жұмыстардың сипаты мен көлеміне байланысты жетекші бағдарламаға бір тақырып бойынша көбейтуге жеке тақырыптарды шығарып, орнына жаңа тақырыптарды қосып өз өзгерістерін енгізе алады. Осыдан келіп үлгі бавғдарлама бойынша әрбір тақырыпқа берілген уақыттың шарттылығы туады. Бір түрлі модуль немесе құралды әзірлеуге жұмсалатын уақыт паралель екі үйірмеде әртүрлі болуы мүмкін, ол құрал – жабдықтарға, материалға, жұмыс істеушілердің санына олардың іскерлінгі мен басқа да жағдайларға байланысты. Жұмыс жоспарында бағдарлама тақырыптарын атап көрсетіп әрбір осы тақырыптар бойынша әңгімелер мен лабораториялық жұмыстардың графиктерін жобалап белгілеу керек. Бұл жоспарға үйірменің жүргізуге жоспарланған көпшілік шараларда енеді – экскурсия, тақырыптық кештер, көрмелер, жарыстар шығару т.с.с. жоспарды үйірме мүшелерінің түлектерімен ұсыныстарын ескерту үшін үйірме ұжымының бірінші немесе екінші сабағында талқылау қажет.

Үйірме сабақтары оқушылардың мектеп бағдарламасына қосымша ой өрісін кеңейтуді ғылыми көпшілік әдебиетке ынтасы мен сүйіспеншілігін қалыптастырып оны пайдалана білуді үйретуі тиіс. Үйірмеде оқушылар үшін ережелерді қатан санаулы тәртіпті сақтау мәдени дағдыларды тәрбиелеу міндетті. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істей білуі тәрбиелік мақсатқа қызмет етеді. Үйірме мүшелері үйірме мүлкін сақтауға толық жауапты екендігін сезінуі қажет. Үйірме жетекшісі староста мен басқа да сайланып қойылған адамдардың жұмыстарына бағыт беріп, оларға тапсырылған жұмыс үшін толық жауапкершілікті қажет етеді.

Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, баланы тәрбиелеу- үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.

Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде.

Адам факторының белсенділігін жандандырудың көп шарттарының бірі – бос уақытты тиімді пайдалану. Бос уақыт – бұл жұмыстан немесе оқудан тыс мезгілде өз бетінше білім деңгейі мен мамандығын көтеруге, қоғамдық жұмыстарды атқаруға, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға, шығармашылық еңбек пен бала тәрбиесіне көңіл бөлуге, көркем өнермен айналысуға, көңіл көтеруге бағышталған уақыттың бір бөлігі.

Ғылыми – техникалық дамудың жеделдеуіне орай халықтың жұмыстан бос уақытты тиімді пайдалануы К. Маркс айтқандай рухани өмірді және жеке қабілетті дамытудың негізгі қоғам мүшелерінің жан - жақты дамуының басты шарты болмақ. Бос уақытты тиімді пайдаланудың қызықты түрлерінің бірі көркем әдебиет оқу мен теледидар көру болып келеді. Адамдар рухани өмірдің жәй тұтынушысы ғана болмай, оның белсенді жасаушысы да болу үшін оларды міндетті түрде бос уақытты ұтымды пайдалануға дағдыландыру орынды.

Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс. Мемлекетімізде жас ұрпақтың жан-жақты дамуымен бірге тәрбиесіне де ерекше назар аударылуда. Ұрпақ тәрбиесі – баршаның ісі. «Егер сен алдыңа бір жылдық мақсат қойсаң егін ек, бірнеше жылға мақсат қойсаң – ағаш отырғыз, ғасырларға мақсат қойсаң – ұрпақ тәрбиесімен айналыс», – дейді халық даналығы. Елдің елдігін сақтап, көркейтетін, басқа елдермен терезесін тең етіп өркендетіп сондай-ақ болашағын айқындап беретін жастайынан алынған тәрбие. Тәрбие тек сабақ берумен ғана шектелмейді, ол сабақтан тыс уақытта да жалғаса береді және тереңдетіле жүргізіледі.

Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын», – дейді қазақтың біртуар ақыны Абай. Бұл – өмір шындығынан алынған данышпандық сөз. Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың ролі ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан-жақты болуына арналады. Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек, ол оңай мәселе емес екендігі анық, себебі оқушының бос уақытын ұйымдастыру тәсілдері сан қилы. Балалардың жеке басының қасиетін дамытуда отбасы, мектеп, қосымша білім беру мекемелері мектептен тыс уақытта жүргізілетін іс-шараларды кіріктіре ұйымдастыру арқылы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыра алады.

Бүгінде үйірме атаулының сан түрі бар. Әлбетте сұраныс болғаннан кейін ұсыныс та көбейіп келеді. Жеткіншектің бос уақытын ұтымды пайдалану, бойда ашылмай жатқан сан қырлы талантты ұштап, өрбітуге мүмкіндік беретін тәрбие жолы десек қателеспейміз. Уақытты тиімді өткізу әсіресе бала тәрбиесінде өте маңызды. Баланың уақытын қалай басқарған жөн? Оны қандай үйірмеге берген дұрыс?

Балаларға қосымша білім берудің құндылығы сол, жасөспірімдерге өз-өздерін кәсіби бағдарлауда көмектеседі, қоғамға бейімделу дағдыларын дамыта алады, және бос уақытты толыққанды ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Қосымша білім – тәрбие үрдісін ізгілендірудің негізгі мақсаттарын оқушыларға даралап ықпал ету арқылы іске асыра алады. Қосымша білімнің бір саласы – ол музыкалық мектеп. Музыкалық мектепте білім беру жүйесі кәсіби музыкалық білім беруге, рухани адамгершілік мәдениетін жетілдіруге, эстетикалық тәрбие беруге және оқушының бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған. Ол үшін мектепте мынадай мақсаттарды алдыға қоямыз:

Жеке тұлғаның жоғары адамгершілік қасиеттерін дамыта тәрбиелеу;

Музыкалық кәсіби білім беру;

Шығармашылыққа жағдай жасау;

Дарынды балалардың мүмкіндігін ашу;

Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу;

Оқушының бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру.

Олардың мұндай қабілеттерді өз бойына жинақтауына мамандық аспабы, хор, вокал, сольфеджио, ұлт-аспаптар оркестрі, қазақ музыкалық әдебиет, орыс-шет ел музыкалық әдебиеті, т.б. пәндер арқылы жүзеге асырамыз. Белгілі ақын, зерттеуші Мағжан Жұмабаев: «Тәрбие – кең мағынасымен алғанда, балаға тиісті азық беріп, сол баланың дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз» – деген. Тәрбиедегі ең басты ережелер – балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу және уақытты тиімді пайдаланудың маңыздылығын түсіну. Ал уақытты тиімді пайдалану дегеніміз – жақсылыққа ұмтылу. Адам өміріндегі ең қымбаты – ол «уақыт». Бос уақытты тиімді өткізу бала тұлғасының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізеді.

Қосымша білім беру ұйымының басты мақсаттарының бірі – балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру  барысында әр баланың бойындағы шығармашылық қабілетін оятып, еңбек етуге, өнерде алғашқы қадамдарын жасауға үйретуге ұмтылу. Қосымша білім беру педагогының маңызды міндеттерінің бірі – жеке шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Қосымша білім беру жүйесінде әр оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесі – баланың өзі таңдаған бағытына қызығып, бейімделуі, сондықтан қосымша білім беру жүйесінде  оқу бағдарламасы әр балаға лайықты құрылады.

Қосымша білім беру жүйесінде  қатаң регламент  жоқ,  бірақ балалар мен  ересектер  арасындағы  еркін сыйластық қарым – қатынас, шығармашылықпен айналысуға және жеке тұлға болып қалыптасуына жасалған жағд жеке тұлғаға бағытталған технологияларды іс жүзінде пайдалануға мүмкіншілік береді. Қазіргі кезеңдегі оқу технологияларын мүлдем жаңа деп айта алмаймыз, бұл әдіс-тәсілдер тұтас болмаса да кейбір элементтері дәстүрлі әдістерде де көрінеді, яғни педагог өз қызметінде әр технологиялардың элементтерін қолданады. Мысалы: топтық жұмыс, жекелеген ізденіс жұмыстары, тірек сызбалары сияқты технология элементтері бұрыннан таныс. Қазіргі кезде  осы және басқа да технологиялар әсіресе қосымша білім беруді кеңінен қолданылып жүр. Сонымен, жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың мақсаты – баланың өз өміріндегі  тіршілігі, тәжірибесін пайдалану негізінде, оның жеке танымдық қабілеттерін барынша жоғары деңгейде дамыту.

Балаларға қосымша білім беруде қолданысқа кең тараған оқйту тәсілі – жеке оқыту. Жеке оқытуда ең бастысы – әр баланың мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай оқу  мазмұнын, түрін, әдісін бейімдеуге болады. Оның жетістіктерін бақылап, қажетті түзетулер енгізуге  мүмкіндік туады. Оқушыға бұл уақыт үнемдеуге, өзінің шығындарын бақылауға, табысты болуына мүмкіндік береді. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялар нәтижесі  әр түрлі деңгейдегі сайыстар мен байқауларда, жеке көрмелерде көрінеді. Үйірме мүшелері бұл жерде өз шеберлігін танытуға мүмкіндік алады.

Топтық технология ерекшеліктері – берілген тапсырмаларды шешіп, орындау үшін топ шағын топтарға бөлінеді. Әр баланың еңбегі көрінетіндей тапсырмалар беріледі. Топтың құрамы мақсатына байланысты  өзгеруі мүмкін. Қосымша білім беру жүйесінде ұжымдық шығармашылық қызмет технологиясы табысты қолданылады. Бұл технология балалар мен ересектердің біріккен қызметін ұйымдастыруды қарастырады, ұжымның барлық мүшелері әр істің жоспарлануына, атқарылуына және қолданылуына қатысады.

Спорттық – туристік ұжымдық шығармашылық технологиясы туристік бағыттағы үйірмелерде кеңінен қолданылады. Ауданда «Жас турист», «Саяхат», «Компас», «Юность», «Альтаир» сияқты турістік клубтар жұмыс істейді.Туристік сайыстар, чемпионаттар мен спартакиадалар барысында ұжымдық шығармашылық жұмыс өз нәтижесін береді. Бұл технологияның негізгі мақсаты да балаларды ұжымда жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз ара түсіністік, қарым-қатынас «Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» қағидасын қалыптастырады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы – сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін жаңа біліммен ұштастыра отырып, белгілі бір идеяны қабылдап, оның неге қатысты екенін зерттеп, оларды салыстыра отырып, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе- теңдікте зерттеуге бағытталған оқыту технологиясы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы жұмыс жасағанда оқушылар өз алдына қойған сұрақтарға жауап іздеп, жан- жақты пікірлесіп, талдау жасап отырады. Оқушылар өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айтуға, ойын жеткізуге, оны дәлелдей алуға, сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдауға, сол пікірлерді салыстыруға, басқалармен жұмыс істеуге, қасындағы досына құрметпен қарауға, зер салып тыңдауға, мәдениетті, батыл сөйлеуге, топпен ортақтасып бір тұжырымға келуге мүмкіндік алады.

Аталған оқыту технологиялары «WEB бағдарламасы», «Робототехника» үйірмелерінің сабақтарында қолданылуда. Ойын технологиялары – ең көп тараған, тиімді,  балалар іс – әрекетін белсендіретін және қарқын беретін әдіс. Ойын технологияларының ролдік,сюжеттік, шығармашылық түрлерін «Біз театр ойнаймыз» үйірме сабақтарынан көруге болады. Балалардың өзара шығармашылық  ойындары, ертегі кейіпкерлерін сомдау, сюжеттік әңгімелер құрау балалардың тілдік дамуына көп көмегін тигізеді. Балаларға арналған қосымша білім беру мекемесіндегі жұмыста қазіргі кезеңдегі технологиялар балалар қызметін ұйымдастыруда нәтижелі тәсілдер және әдістерді таңдауға, олардың белсенділігіне, өзін – өзі дамытуға мүмкіншілік береді.

Оқылды 93 рет