Сейсенбі, 21 Мамыр 2024 11:25

Түркістанда педагогтерді курстан кейінгі қолдауға арналған семинар өтті

Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» және Түркістан қалалық білім бөлімі, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби дамыту институтының бірлесе ұйымдастыруымен педагогтерді курстан кейінгі қолдауға арналған семинар өтті.

М.Жұмабаев атындағы №15 мектеи-гимназиясында өткен семинарға «Білім беруді дамыту орталығы» «Педагогті кәсіби дамыту» кафедрасының әдіскері Тлеулиев Самат Пернебайұлы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби дамыту институтының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының маманы Сапарова Нұргүл Төлегенқызы, «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы Бименова Меруерт Тилеубергеновна, Түркістан қалалық білім бөлімінің ағылшын тілі пәні әдіскері Сералиева Жанат Орынбайқызы қатысып, педагогтармен әдістемелік жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда біліктілік арттыру курстары бойынша сертификатталған мұғалімнің инновациялық тəжірибесіндегі курстан кейінгі қолдауға ерекше мән берілуде. Курстан кейінгі қолдаудың мақсаты - жалпы орта білім беру ұйымдарының практикалық қызметінде бағдарламаның инновациялық əлеуетін барынша іске асыру үшін жағдай жасау. Осы орайда М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Абидинова «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде жаңа технологияны тиімді қолдану» тақырыбында, ағылшын тілі пәні мұғалімі З.Матиева «Методы и приемы активизация познавательной деятельности обучающихся на уроках английского языка при обучении трудных тем 5-9 классах» тақырыбында, тарих пәні мұғалімі У.Садыкова «Развитие позновательной активности у учащихся на уроках истории с применением цифровых образовательных ресурсов при обучении трудных тем в 10-11 классах» тақырыбында панарамалық сабақтарын көрсетсе, орыс тілі пәні мұғалім С.Умарова «Достижение прогресса в обучении на основе критериального оценивания» тақырыбында шебер-сынып көрсетті. Сонымен бірге, Түркістан қаласы, Е.Иззатуллаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Утешова Лаззат Маткеновна «Сабақта кері байланыс берудің маңызы» тақырыбында шебер-сынып көрсетті.

Тәжірибелік семинар соңында Сапарова Нұргүл Төлегенқызы «Тиімді оқыту мен оқу» тақырыбында шебер сынып, Бейменова Меруерт Тілеубергенқызы «Мұғалімдерді курстан кейінгі кәсіби қолдаудың маңыздылығы» тақырыптарында шебер сынып көрсетті. Ал, Сералиева Жанат Орынбайқызы «Педагогтердің курстан кейінгі жұмыстарын үйлестіру» тақырыбында презентация жасады.

Қазіргі уақытта елімізде педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің ең өзекті аспектілерінің бірі курсты бітірген тыңдаушыларды курстан кейінгі сүйемелдеу мәселесі болып табылады. Басқа филиалдар сияқты біздің филиалда да облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру мақсатында курстық және курсаралық шаралар жоспарлы түрлі жүзеге асырылып келеді. Курстан кейінгі кезеңде педагогті сүйемелдеу педагогтармен жұмыстың перспективті түрі болып табылады, ол танымдық қызметті жандандыруға, білім беру нәтижелерін қалыптастыруға, өзін-өзі талдау мен өзін-өзі бағалаудың рөлін арттыруға мүмкіндік береді.

Өздеріңіз білесіздер қазіргі таңда ақпараттық технологияның дамуына байланысты қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарынын бірі – оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттер мен біліктілік арттыру институттары оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу. Осындай білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Қашықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізуі қажет.

Қашықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – жеке адамды интеллектуалды дамыту, ақпаратпен жұмыс жасай білуге үйрету және оның ерекшелігі  ол өзіндік оқыту жүйесіне жатады. Қашықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ – бұл тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-біріне кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғарғы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпараттық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі.

Курстан кейінгі қолдау негізінде қашықтан оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында да көптеген іс-шаралар атқарылуда. Қашықтан оқыту курстары, онлайн үлгісінде семинар, вебинарлар өткізілуде. Соның ішінде кешегі қашықтан оқытуды бастағанда орта білім беру пәндері бойынша қашықтан бейне-сабақтардың республикалық байқауының аймақтық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты – қашықтықтан оқыту мүмкіндігін кеңейту үшін заманауи білім технологияларын пайдалана отырып, орта білім пәндері бойынша үздік бейне-сабақтарды іріктеу.

Педагогтерге оқытудың қашықтық нысаны жағдайларында (e-mail, ватсап, зум арқылы) сабақтарды дайындау, өткізу кезінде әдістемелік көмектер көрсетілді. Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар: ҚБТ-ны іске асыру теледидарлық (интернет, спутникті теледидар), желілік (интернет желісін пайдалану, электрондық поштаны пайдалану, телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану, мультимедиамен жабдықталған, интернетке шығу мүмкіндігі бар желілік компьютерлік класс), сандық білім ресурстары (СБР – бұл интербелсенді түрде оқытуды қамтамасыз ететін, оқу пәні бойынша дидактикалық материалдар: фотосуреттер, бейнефрагменттер, статистикалық және динамикалық үлгілер, виртуалды шынайылық пен интерактивті модельдеу нысандары, дыбыстық жазбалар мен өзге де цифрлық оқу материалдары қолданылады) жүзеге асады.

Курстан кейінгі педагогтерді сүйемелдеу бойынша жүргізілетін жұмыс – тренердің де, тыңдаушылардың да қызметіндегі маңызды кезең. Бұл жұмыс оқыту процесінің мақсаттары мен міндеттерін шешу үшін біліктер мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында қазіргі заманғы электрондық ресурстармен, WEB-сервистермен (құралдармен) курстық оқытудан өткен педагогтердің жүйелі жұмысын ұйымдастыруға  ықпал етеді; оқу сабақтарын жобалау кезінде әртүрлі нысандар мен әдістемелік тәсілдерді қолдану бойынша біліктерді дамытуға көмектеседі.

Бұл мұғалімдердің практикада туындайтын кәсіби қиындықтарын толықтыруға, нақты педагогикалық іс-әрекетте игерілген теориялық және практикалық материалдарды қолдануды сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қашықтан оқыту адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы да педагогтердің кәсіби өсуіне, тәжірибе алмасуына, қызметінде кезіккен мәселелерді оңтайлы шешуіне ықпал жасайды. Сонымен қатар, мұғалімдерге курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсету және кеңес беру, тыңдаушы мен тренер арасындағы байланысты нығайтады.

Оқылды 94 рет