Жеті бағыт бойынша ұйымдастырылып жатқан байқаудың қалалық кезеңі бөлімге қарасты Ш.Ниязов атындағы жалпы білім беретін мектебінде ұйымдастырылып, қатысқан жүзден астам оқушы өздері жасаған қолөнер бұйымдарын ұсынып, лайықты бағаларын алған болатын. Нәтижесінде еңбектері үздік деп бағаланған 7 оқушының жұмыстары облыстық кезеңге ұсынылды.
Түркістан қаласындағы «Керуен Сарай» көпсалалы кешенінде өткен облыстық кезеңде де оқушыларымыз жоғары бағаларын алды. Атап айтсақ, «Қағаздан бұйымдар жасау» сайысында №28 мектеп-лицейінің оқушысы Барысхан Әдемі (жетекшісі Файзиева Ботакөз) мен «Зергерлік бұйымдар жасауда» М.Шоқай атындағы №24 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Бердалы Орынбасар (жетекшісі Әлімбек Тілеулиев) І орынмен қатар Республикалық кезеңге қатысу үшін жолдаманы жеңіп алды. Сонымен қатар, Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Тасболат Думан (жетекшісі Асқар Есет) «Ғимараттардың макетін жасау» бойынша ІІ орынға, Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Усманова Мавлуда (жетекшісі Шахноза Усманова) «Ұлттық киімдер» бойынша ІІІ орынға ие болды.
Сондай-ақ, М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназияның оқушысы Ерасыл Рысбек (жетекшісі Дәулет Қарамырзаев) «Ағашты көркемдеп өңдеу» бағытында «Үздік бұйым» номинациясын жеңіп алса, осы мектеп-гимназияның тағы бір оқушысы Абдуллаева Мадинаның (жетекшісі Назира Дәуренбекова) «Жүннен бұйым жасау» бағытындағы, М.Мәметова атындағы №6 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Әбіш Асхаттың (жетекшісі Берік Толысбаев) «Мүсіндер» бағытындағы жұмыстары да өзіндік бағаларын алды. Алдағы уақытта қос оқушымыз онлайн форматта өтетін Республикалық кезеңге қатысатын болады. Сәттілік серіктерің болсын, жас қолөнершілер!
Өнер эстетикалық тәрбие берудің басты құралы. Себебі, өнер адамның рухани дамуы мен дүниетанымының қалыптасуымен әсер етеді. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қол өнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді, рухани сән –салтанатымызды, болмысымызды қайта жандандырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте – бірте тамаша үлгілерімен еніп, оқушыларға жан – жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине бұл халықтық педагогика негізі болып табылады.
Орта мектепте білім беру жүйесінде көркемдік талғамды қалыптастыруда сәндік – қолданбалы өнердің тәлімдік, танымдық мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор. Осы орайда: - жас ұрпаққа ұлттық сәндік – қолданбалы өнердің тәлімдік әсерін тиімді пайдалану арқылы мектеп оқушыларының көркемдік талғам өрісін дамыту мәселелерін тәжірибе жүзінде зерттеудің жолдары мен әдіс – тәсілдері белгіленді; - сәндік – қолданбалы өнерді қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық негіздері қарастырылып, көркемдік талғамның қалыптасуына ықпал ететін түрлі психикалық процестердің өзара мәндік байланысы айқындалады. Қолданбалы өнердің әлеуметтік-тәрбиелік рөлі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығы мен бағаланбайды, сонымен қатар адамның өз заманына сай талғамын білдіруінен, өткендегі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлерімен сабақтастығынан көрінеді.
Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қол өнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді, рухани сән –салтанатымызды, болмысымызды қайта жандандырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте – бірте тамаша үлгілерімен еніп, оқушыларға жан – жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине бұл халықтық педагогика негізі болып табылады.
Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика – бұл кезде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қауымға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Жас ұрпаққа көркемдік біоім мен эстетикалық тәрбие беру үрдісі ұлттық өнер құндылықтарын дүниежүзілік рухани қазыналарымен ұштастыру арқылы жүзеге асады. Қазақтың сәндік – қолданбалы өнері арқылы оқушының рухани жан дүниесін байытатын мәдени мұраларын, халық дәстүрлерін игеруге ынталандыратын, өнер туындыларына құштарлығын арттыратын, көркемдік талғамды қалыптастырудың ғылыи - әдістемелік жүйесінің жасалуы бастауыш мектептерде көркемдік тәрбие жұмыстарын жетілдіруге ықпал етеді.
Сәндік – қолданбалы өнерді мектеп тәрбиесінде пайдалану мәселесі, педагогикалық тәжірибелер мазмұнында, өзекті мәселелер ретінде қарастырылып келді. Өйткені, сәндік – қолданбалы өнердің табиғаты, әсіресе халықтық дәстүрлі қолөнердің туындылары, оқушылардың адамзат қолынан шыққан көркемдік мұраларға, ұлттық мәдени дәстүрлерге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуде қоғамдық мәндегі талғам өрісін қалыптастыруда мүмкіндігі өте үлкен.
Қазақ халқының қол өнері деп халық тұрмысына қажетті жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу /оның ішінде ши тоқу/, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты өнерлер жиынтығын айтады.
Киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша, құрақ көрпе және ұлттық киімдер мен кілем, ши тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалпай келе жатқан сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерін үйрету – оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасынқадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық қолөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақжастарға рухани, эстетикалық, эмоциялық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және салалық қасиеттерін дамыта түседі.
Мектептегі бейнелеу өнері сабағында оқушыларға қолөнер арқылы жан – жақты эстетикалық тәрбие беру, оларды баулу, адамзат қоғамында бұрын – соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік беріп, әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді. Заман талабына сай мектепте сәндік қолданбалы өнерге, көнеден келе жатқан қолөнерге үйрету бүгінгі таңда үлкен мәселелердің бірі болып отырғандықтан, мектеп бағдарламасына сәндік қолданбалы өнер енгізіліп отыр. Осыған орай бүгінгі таңда өнер түрлерін жинақтап зерделеудің, оның айналасындағы тәлім – тәрбиесі мол тәжірибе негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеу қажеттігі туындайды.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі парадигмалар жағдайында кәсіби білімін жетіддіру маңызды болып отыр. Жаңа буын оқулыктары, оған байланысты жетілдірілген бағдарламалар енгізіліп, жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес оқушы білімін бағалау талаптары койылуда. "Оқытудың жаңа технологиясы" тәжірибиесі таратылуда. Жоғары оқу орнын бітіруші жастардың мұғалімдік мамаңдығы бойынша кәсіби қалыптасуындағы қоғамдық, психологиялық-педагогикалық және кәсіби мамандық білімдерімен қатар болашақ мұғалімдік жұмысында педагогикалык тәжірибені жоғары деңгейде саналы өткізуі аса маңызды қажеттілік.
Міндеттердің бірі - жасөспірімдердің шынайы өмірге, өнерге кәсіби шеберліктерін калыптастыру. Ал бұл шығармашылық тұрғыдан ізденімпаз тұлғаны дамытудың факторы болып саналады. Адамның шындыққа, өнерге көзқарасы қабылдаудан басталады және онсыз қалыптасуы да мүмкін емес. Осыған байланысты балалардың эстетикалық тұрғыдан қабылдау және бақылау қабілеттерін дамытудың қажеттілігі артады. Осы қабілеттердің дамуы өмір мен өнердегі әсемдікті, ұлылықты, шынайылықты түсінугс және оларды талғамсыздықтап ажырата білуге мүмкіндіктер жасайды. Эстетикалық қарым-қатынастар эмоционалдық сипатқа ие болғандықтан, өмір мен енердің эстетикасын тану эстетикалық күй кешу, сезіну арқылы жүзеге асырылады. Әсемдікті, ұлылықты қабылдау адамды алуан түрлі сезімге бөлеп, жағымды әсер қалдырады.
Кәсіби шеберлік адамның туа біткен қабілеті болып табылмайды. Ол белгілі бір мәдениеттіліктен, даярлықтан, эстетикалық білімділіктен талап етіледі. Бұл кәсіби шеберлік қажеттілік, қабілет, талғам, бағалау және т.б. сапаларды қамтитын жеке тұлғаның шеберлік қызығушылығын қалыптастырудың қажеттілігін арттыра түседі. Өнерде талғам ізденіп ойын дамытуда қиял, елес және көркемдік ой үлкен мәнге ие болады.
Жасөспірімдердің осы салаларының дамуына тарихы мен мазмұны терең сәндік-қолданбалы өнер саласындағы жан-жақты білімдер, аталған өнер түрлерінің туындыларын жасау барысындағы шығармашылық тапсырмаларды орындауға ықпал етеді. Кәсіби шеберлік логикалық тұрғыдан ойлау, талдау, деректерді салыстыру және қорытындылау қабілеттеріне негізделеді. Ол үздіксіз езгеріске түседі, молаяды, жаңа мазмұнмен толықтырылады, адам өмірінің барлык саласында жетілдіріледі.
Мектеп оқушыларының кәсіби шеберліктерін қалыптастыруда адамның қажеттіліктерінен, күнделікті ақпараттардың сапасынан, көркемдік білім-ділігінен, оның "сұлулық заңы" бойынша іс-әрекеттерінің сипатынан талап етіледі. Өнерді үйрету барлық саладағы іс-әрекеттерді камтиды. Ұлттық сәндік қолданбалы өнер арқылы мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыру кажеттіліктердің дамуы адамның ұлттық мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетеді және рухани тұрғыдан дамуына ықпал етеді.
Мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда қажеттілік көркемдік көзқарастарда, идеалдарда, талғамда, шығармашылықта пайда болады және адамның іс-әрекеті мен өмірлік мақсаттарына. әлеуметтік мінез-құлкына ыкпал етеді. Бұл әлеуметтік топтардың көркемдік құндылыктарға (өнер. табиғат, еңбек, т.б.) негізделген шындыққа қарым-қатынасы болып табылады.