Жексенбі, 25 Қараша 2018 12:19

Бәйдібекте ІТ-сыныбы ашылды

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен Бәйдібек ауданы Шаян ауылындағы Садық Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында алғаш рет IT-сыныбы ашылды. Шараға «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов пен ауданы әкімі Бақытбек Танагөзов қатысып, IT-сыныбының лентасын салтанатты түрде қиды.

Салтанатты рәсімнен кейін облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов пен аудан әкімі Б.Танагөзов IT-сыныбының жабдықталуымен танысып, аталған мектептің 8 сынып оқушыларымен тілдесті. Сонымен қатар аталған мектептің робототехника үйірмесі оқушыларының құрастырған роботтардың қызметімен танысты. Ашылу салтанатында облыстық партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов құттықтау сөз сөйлеп, жобаны қолдап жүзеге асырған аудан әкімдігіне алғысын білдірсе, аудан әкімі Бақытбек Танагөзов ауданымызда ІТ сыныбының ашылуы мұнымен шектеліп қана қоймай, ауданның барлық білім беру мектептерін қамтитын болатынын айтты. «Бұл келер ұрпақтың бәсекеге қабілеттігін арттыратыны сөзсіз» - деп, барша шәкірттерді ІТ сыныбының ашылуымен құттықтады. Алдағы уақытта жаңадан ашылған сыныпта оқушыларды робототехника, 3 Д модельдеу, анимациялық фильмдер мен киберспорттық ойындар жасау ісіне баулымақ.

Салтанатты шарадан кейін «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов С.Әбдіжаппаров атындағы мектептің ұжымымен және аудандағы барлық мектептің информатика пәнінің мұғалімдерімен кездесу жиынын өткізді. Жиын барысында Н.Жолдасов партияның атқарып жатқан жұмыстарымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күресу және болдырмау жөнінде сөз сөйлеп, ұстаздар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берілді. Кездесуі жиынын аудан әкімі Б.Танагөзов жүргізіп отырды. Сондай- ақ партияның облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов аталған мектептегі Халыш ана гүл бағымен және қол өнер шеберлері мен сурет галериясымен танысты. 

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 850 рет