Сейсенбі, 04 Желтоқсан 2018 21:50

Түркістан облысы: Бәйдібекте ІТ сынып ашылды

Білім беру жүйесін цифрландыру уақыт талабы. Бүгінде сұранысқа ие мамандар көшін ІТ саласының мамандары бастап тұр. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Бәйдібек ауданында ІТ сынып ашылды

Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті Жолдауында білім беру жүйесін цифрландыру талаптарына бейімдеу қажеттігі айтылған. Міне, осы тапсырма орындалуда. Бәйдібек ауданының орталығындағы С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында ІТ сынып ашылды. Бұл «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының ішінде «Нұр Отан» партиясының «ІТ кабинеттер 1000 мектепке» атты жобасы аясында іске асырылып отыр.

8-16 жас аралығындағы жеткіншектерді тың идея мен жаңа ізденіске баулу бүгіннің талабы. Балаларға мүмкіндік сыйлап отырған «IT Information Technology» кабинетінің ашылуына Түркістан облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов қатысты. 3D принтерімен, компьютермен арнайы жабдықталған кабинет білім алып жатқан оқушылардың жұмысымен танысты. Бұл ретте «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа алғысымыз шексіз. Осы жобаны жүзеге асырған «Нұр Отан» партиясына алғысымыз шексіз. Болашақта Түркістан облысының алып құрылыстар алаңына айналуына, жасаған жобалар, сәулет өнерінің туындыларын сол ғимараттар қатарынан көргіміз келеді» дейді Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1613 рет