Сәрсенбі, 12 Маусым 2019 15:19

Түркістан облысы: Төлеби ауданында 3676 бала жазғы лагерьде демалады

Оқу жылы аяқталып, «жаз жайнатып, күн күлдіріп» келетін оқушылардың жазғы демалыс маусымы басталды. Мектеп оқушылары үшін жазғы демалыстың маңызы ерекше. 

Биыл Төлеби ауданында 3676 бала жазғы лагерлерде демалумен қатар білім көкжиектерін кеңейтіп, шығармашылыққа бейімделетін болады. Демалыс орындарында аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесі тарапынан 50 бала, мектеп жанындағы лагерде 1980 бала, міндетті оқу қоры есебінен 600 бала демалады.

Жазғы демалыс кезінде аудандық оқушылар үйінде «3D модельдеу», «Робототехника» мен «Жайдарлы жаз-2019» атты бағдарлама бойынша үйірмелер жұмыс істейді және онда әр ауысымда 60 бала қамтылмақшы.

Демалыс кезінде құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу мақсатында аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінен кезекшілік құрылып, оқушылардың тәртібіне қадағалау жасалады.

Жазғы лагер туралы толық қосымша мағлұмат алу үшін аудандық білім бөліміне 8(72547)6-16-22 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 744 рет