Бейсенбі, 13 Маусым 2019 15:23

Түркістан облысы: Арыс қаласында «Алтын белгі» иегерлері марапатталды

Бүгін Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Мұрат Қадырбек 2018-2019 оқу жылында республикалық, облыстық олимпиадаларда, конкурстар мен ғылыми жоба жарыстарында жетістікке жеткен «Алтын белгі» иегерлерін қабылдады. 

Жиын барысында сөз алған шаһар басшысы: «Бүгін мектепті үздік бітірген түлектерімізді өмірлерінің жарқын белесі, ерекше қуаныштарымен құттықтаймын. Түлектеріміздің «Алтын белгі» иегері атануы – ұлағатты ұстаздар, ата-аналар, жалпы арыстықтар үшін үлкен мәртебе. Жоғары білім алып, Отанымыздың білікті маманы ретінде еліміздің дамуына зор үлес қосады деп сенемін. Бүгінгі «Алтын белгі» иегерлеріне, барлық жас түлектерге үлкен өмір жолына басқан қадамдарыңыз сәтті болсын, табыс биігінен көріне беріңіздер, ақ жол тілеймін» – деп жылы лебізін білдірді. 

Сонымен қатар Мұрат Қадырбек «Алтын белгі» иегерлерін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпат жасады. Жиын соңында «Алтын белгі» иегерлері облыс және қала әкімдіктеріне алғыстарын білдіріп, естелікке суретке түсті.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 879 рет