Сәрсенбі, 20 Қараша 2019 18:27

Түркістан облысы: Созақтық Шадияр "Ел үміті" номинациясымен марапатталды

Алматы қаласындағы «Halyk Arena» кешенінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ұйымдастыруымен «Ел үміті» республикалық жастар марафоны өтті. Марафонда Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларынан үш мыңға жуық білім және ғылым, бизнес пен медицина, мәдениет және спорт, экономика мен қоғамдық қызметтегі белсенді жастар Елбасы қолдауымен жүзеге асырылған бағдарламалардың арқасында жеткен жетістіктерімен бөлісті. 

Марафонның мақсаты жас инноваторларды, жас ғалымдарды, бизнесмендерді, спортшыларды және басқа да жас мамандарды қолдауға бағытталған. Осы орайда Созақ ауданының да жас кәсіпкері Шадияр Төлеев те "Ел үміті" номинациясымен марапатталды. Атап айтатын болсақ, Шадияр Төлеев Созақ ауданының Шолаққорған ауылындағы "Торлан-Строй" ЖШС-нің бас директоры болып табылады. Республикалық жастар марафонында арнайы номинация иеленген жас кәсіпкердің энергияны тиімді пайдалану бойынша жасаған жобасы аудан көлемінде қолданылып келеді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 521 рет