Сәрсенбі, 20 Қараша 2019 18:46

Түркістан облысы: Созақтық оқушы – жас жыршылар байқауының жеңімпазы

Түркістан қаласында облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінің жүлдесіне арналған "Жақсылар, дастан айтайын" атты жас жыршылардың облыстық байқауы аяқталды. Байқау қорытындысында Созақ ауданының Сызған ауыл округіне қарасты Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Өсер Тұран үздік өнер көрсетіп, 1 млн. теңгеге ие болды. 

Ал Өсерді баптаған ұстазы Асылзат Әметова 2 млн. теңгенің сыйақысын иеленді. Екінші орын да тағы бір созақтыққа бұйырды. Ә.Науайы атындағы жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Рәбия Шалтай екінші орынның тұғырына көтеріліп, 600 мың теңгеге ие болса, ұстазы Жазира Сәнкібаева 1 млн. 600 мың теңге алды. Бұл теріскей өңірінде атадан балаға жалғасып келе жатқан өнерге деген дәстүрдің жібі үзілмей келе жатқанын білдірсе керек. Байқау жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов арнайы марапаттады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

Оқылды 613 рет