Бейсенбі, 16 Сәуір 2020 16:04

Шымкент: 137 шетелдің студент университеттің жатақханасына орналастырылған

Жаһан жұртын әбігерге салған пандемия барлық салаға әсер етпей қоймады. Ал, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де 137 шетелдік шәкірт отанына орала алмай, қалып қойды. Олар университеттің №5 студенттер үйіне орналастырылды.

Қазақстанға білім қуып келген жастарға жатақханада бар жағдай жасалған. Қазір олар қашықтықтан оқып жатыр. Шетелдік шәкірттермен тілшіміз тілдесіп келді.Жанар Кемежан Қазазақстанға білім қуып, Қытайдан келген. М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де оқып жүргеніне екі жыл болды. Туған-туыс, ата-анасын көрмегелі жылдың жүзі. Жер шарын жайлаған дерттің салдарынан Шыңжаңдағы бауырларымен тек, онлайн тілдеседі. Алыстағы ата-анасы қызының аман-сау, білім алып жүргеніне  шүкіршілік етеді.Жанар сынды бұл жатақханада 137 шетелдік студент бар. Олардың 128-і Түрменстаннан, 8-і Қытайдан, тағы біреуі Оңтүстік Кореядан. Жат елде жүргенмен, жатсыну жоқ. Қайта қажеттінің бәрі бар. Ай сайын шәкіртақы «Тек сапалы білім алу ғана міндетіміз» дейді түркмен азаматы Әлішер Хемраев.

Жатақхана карантинге жабылып, студенттер толық оқшауланған. Компьютер класы, 5 мыңнан аса кітап қоры бар оқу залы, шектеусіз Wi-Fi интернет желісі студенттерге толыққанды білім алуға мүмкіндік беріп отыр. 30 мыңға жуық электрондық кітаптар базасы да шәкірттер үшін қолжетімді.Жұмасына екі мәрте университеттен бөлінген автокөлік шәкірттерді азық - түлікпен қамтамасыз етуде. Бүгінгі шара студенттік кәсіподақтың демеушілігімен жүзеге асты. Ал, жаһанды жайлаған пандемиядан университеттің  39 студенті шетелде қалып қойды. Олар жат елге академиялық ұтқырлықтан өту үшін барған.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 498 рет