Жұма, 15 Мамыр 2020 17:34

«Ауызбіршілікпен шешкен іс нәтижелі» (ата-ана хаты)

Бүгінгі күні елімізде мектеп оқушылары, студенттер қашықтан оқып жатыр. Бұл, ең алдымен, халықтың денсаулығын сақтау шараларынан туындаған жағдай. Тіпті балабақшалардың өзі қашықтықтан түрлі іс-шараларды үй жағдайында қолжетімді өткізуге мәжбүр.

Осы орайда, Шымкент қаласындағы №9 лицейдің ата-анасы  Эльмира Намазбаеваның Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне жолдаған  хатында №9 лицейдің қашықтан оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастырып, ата-аналармен үнемі байланыста болып жатқанына ризашылығын білдіре жазған.

«Біздің балаларымыз білім алып жатқан №9 лицейде қашықтан оқытуды оқушы үшін қолайлы ұйымдастырған. Менің балаларым білім алатын лицейде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда сынып жетекші, әлеуметтік педагог, психологтардың мәліметтеріне, ата-аналардың пікірі мен ұсыныстарына сүйенді. Үйде білім алу жағдайының мүмкіндіктері, компьютер, ноутбук, смартфон т.б. коммуникациялық құралдардың болуы, олардың жарамдылығы, интернет желісіне қосылуы сияқты мәліметтер жиналып, сұрыпталды. Мұғалімдер өз сабақтарын өткізуді түрлі білім беру платформаларында ұсынды. Соның ішінде өзімізге үйреншікті Kundelik.kz- пен қоса Daryn online, Bilimland платформалары қашықтан оқытуды жеңілдетті. Ата-ана ретінде қашықтан оқытудың өз баламмен уақытымды пайдалы өткізуге, жаңа технологияларды игеруге, байланыстың жаңа формаларын меңгеруге тиімділігін айтқым келеді.

Бір үйде кемінде 2-3 бала бар деп есептегенде, олардың әрқайсысының өз мерзімінде тапсырмалардың орындалуын қадағалау, көмек беру, қайта түсіндіруден жалықпайтын мұғалімнің еңбегін атамасқа болмас. Ватсап желісі арқылы үздіксіз байланыс, өзара әрекет, бейнеқоңырау шалып ауызша жауап алу, зум арқылы тәрбие сағатын өткізіп жатқан мұғалімдерді көргенде, балаларымның жан-жақты ұстаздарына алғысымды айтам. Әрине мектеп қабырғасында өткен сабақ, сыныппен бірге өткізген шаралардың орнын  қашықтан оқыту баса алмайды. Десек те, мектеп-оқушы-ата-ананың бірлескен жұмысы арқасында қашықтан оқыту жағдайында білім алу сапасының түспейтініне көзім жетеді. Балаларымның пәндерден өтетін олимпиадалары, жарыстары да интернет арқылы ұйымдастырылып, оқуға ынталындырады. 1 мамырға, Отан қоғаушылар күніне, Ұлы Жеңіс күніне арналған челлендждерге отбасымызбен қатыстық.

Кез келген жағдайда жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынына, ауызбіршілікпен шешкен істің нәтижелі болатынына лицей ұжымы да, ата-аналар да үлкен сеніммен қарайды» - деп жазған хатында.

 

 «ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және

ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету

комитетінің Шымкент қаласының білім саласындасапаны

қаматамасыз ету  департаменті»ММ

Шымкент қаласы №9 лицей

ата-анасы  Эльмира Намазбаева

Оқылды 713 рет