Сәрсенбі, 06 Мамыр 2020 19:07

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов спорт нысанының алғашқы кірпішін қалады

Шымкент қаласындағы №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесіне қосымша асхана, шеберхана, спорт зал құрылысын бастап кетті деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызмет.

Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, ғимарат құрылысына тек отандық құрылыс материалдары қолданылып жатыр екен. Биыл пайдалануға берілуі тиіс ғимараттың іргетасы құйылған. Ал бүгін нысанның алғашқы кірпішін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының өзі қалады.

Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов Н. Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектепке барды. 750 орынға арналған білім беру мекемесі 1963 жылы салынған. Бұл нысанның құрылысын «Өмірзақ» ЖШС жүргізіп жатыр. Мұнда 300 орындық қосымша ғимарат бой көтереді. Мектеп ел игілігіне 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 555 рет