Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 07:18

Түркістан облысы: жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Сәрсенбіде Үкіметтің селекторлық отырысы өтті. Күн тәртібінде Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ағымдағы жылдың алты айында іске асырылуы, жылыту маусымына дайындық барысы және 2018-2019 оқу жылының басталуына дайындық мәселелері қаралды. Аталмыш салалар бойынша Премьер-Министр Б.Сағынтаев министрлер мен облыс басшыларының баяндамасын тыңдады. Жаңа оқу жылына дайындық бойынша Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аталған саладағы мәселер облыс әкімдігінің толық бақылауында екендігін жеткізді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда облыста 1381 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар. Оның 590-ы мемлекеттік, 791-і жекеменшік. Биыл жергілікті бюджет есебінен 188 балабақшаға ағымдағы, ал 280 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ облыста 909 орта білім беру мекемесі бар. Алдағы уаықтта 1-сыныпқа 55385 оқушы барады деп болжануда. Облыстағы мектептерді жаңа оқу жылына дайындау мақсатында жергілікті бюджет есебінен 863 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 83 білім беру нысанының құрылысы басталған.  Орта білім беру мекемелерінде оқулықтармен қамтамасыз ету көрсеткіші толық орындалып отыр. Техникалық және кәсіптік білім беруде облыста 94 колледж 109 мамандық бойынша кадрлар даярлап келеді. Бұдан өзге«Мектепке жол» акциясы бойынша 9604 оқушыға материалдық көмек көрсетілген» - деді Жансейіт Қансейітұлы.  

Жиынды қорытқан Үкімет басшысы барлық облыс басшыларына алдағы оқу жылы мен жылыту маусымына дайындықты пысықтау қажеттігін тапсырды. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1015 рет