Шымкенттегі №125 мектеп жаңа дәуірдің білім ордасы болуға лайық

«Жаңа дәуірдің білім ордасы – жарқын болашақ кепілі». Кеше осы тақырыпта Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беретін мектеп аймақтық семинар өткізді. Мақсат – жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту. Шымкент қалалық білім басқармасының Ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес ұйымдастырылған семинарға шаһардағы мектептердің басшылары, директордың оқу ісі мен ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, сондай-ақ Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы білім бөлімінің әдіскері мен А.Байтұрсынұлы жалпы орта мектебінің ұстаздары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты. 

Түркістан облысы: Бәйдібекте ІТ сынып ашылды

Білім беру жүйесін цифрландыру уақыт талабы. Бүгінде сұранысқа ие мамандар көшін ІТ саласының мамандары бастап тұр. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Бәйдібек ауданында ІТ сынып ашылды

Түркістан облысының әкімі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің 75 жылдығымен құттықтады

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекелік жиын білім ордасының алдынан бой көтерген ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың еңселі ескерткішінің ашылу рәсімімен басталды. Салтанатты шараға Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, оқу орын басшылары мен студенттер және түрлі салада еселі еңбектерімен ел абыройын асқақтатып жүрген университет түлектері қатысты.

Түркістан облысы: Жетісай ауданында жаңа мектеп ашылды

Жаңаауыл ауылдық округінің Ынтымақ елді мекенінде есігін айқара ашқан білім ұясы 600 орынға лайықталған. Жалпы сметалық құны – 1 млрд. 87 млн. теңге. Заман талабына сай салынған ғимаратта оқушылар асханасы, химия, биология кабинеттері және мәжіліс пен спорт залдары бар. 

Түркістанда «Ұлттық құндылықтарымыздың рухани жаңғыруы» атты көрме ұйымдастырылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастырумен Түркістан қаласындағы М. Мәметова және №19 жалпы орта мектептерінде «Ұлттық құндылықтарымыздың рухани жаңғыруы» көрмесі өтті. Шара аясында шәкірттер музей қызметкерлері Оразов Талғат пен Берікбай Абдрасиловтің Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты музей қорындағы тарихи мұралар және кесене ғимаратының архитектурасы мен құрылымы,  онда сақталған кұнды жәдігерлер жайында лекциясын тыңдады.

Ордабасы ауданында ІТ - сынып ашылды

«Балалар үшін тегін ІТ сыныптар» партиялық бастамашыл жобасы аясында бүгін Ордабасы ауданындағы «Кәусар» мектеп гимназиясында алғашқы ІТ-сыныбы ашылды. Балалардың қуанышына ортақтасқан «Нұр Отан» партиясы ТОФ төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева бұл игілікке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қол жеткізілгенін, мемлекет дамуының ендігі кезеңі «Цифрлы Қазақстан» жүйесімен жалғасатынын, ол үшін жастарға үлкен үміт артылатынын атап өтті.

Отырар ауданында IT - сынып ашылды

Отырар ауданындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының базасында IT-сынып ашылды. Сыныпта оқушыларды робототехника, 3 Д модельдеу, анимациялық фильмдер мен киберспорттық ойындар жасау ісіне баулымақ. «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында ашылған IT-сынып «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы және Отырар ауданы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып отыр.

Бәйдібекте ІТ-сыныбы ашылды

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен Бәйдібек ауданы Шаян ауылындағы Садық Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында алғаш рет IT-сыныбы ашылды. Шараға «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов пен ауданы әкімі Бақытбек Танагөзов қатысып, IT-сыныбының лентасын салтанатты түрде қиды.