Сәрсенбі, 12 Маусым 2019 18:40

Түркістан облысы: Төлеби ауданында «Балбөбек» байқауы өтті

Аудандық мәдениет үйінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен «Балбөбек» атты ән-би байқауы өтті. Ел болашағы балдырған-балапандарға қазақтың өнері мен ән-биін, ұлттық дәстүрін кеңінен насихаттау һәм құрметтеуге баулу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара ауданда биыл 6-шы рет өтіп отыр. 

Байқауға барлығы 19 мектепке дейінгі ұйымнан вокал жанрынан 8 әнші және би жанрынан 11 би тобы сайысқа түсті. Нәтижесінде би жанры бойынша бас жүлдені «Боташым» балабақшасы, I орынды «Дулат би» балабақшасы, II орынды «Айсұлтан» балабақшасы мен «Ақбота ару» балабақшасы, III орынды «Балбөбек», «Аяулым», «Дулат би» балабақшалары өзара бөлісті.

Ән жанры бойынша бас жүлдеге Мәлік Ержан, I орынға Тұрғынбек Балауса, II орынға Тастан Даяна, Сапарбай Айзере, III орынға Қалдыбай Аруна мен Өмірбекқызы Береке ие болды. Барлық қатысушы балғындарға алғыс хаттар мен арнайы дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 939 рет