Сәрсенбі, 16 Қазан 2019 19:10

Шымкентте «Жастар жылына» орай ерекше іс-шара өтті

Шымкент қаласында «Шырайлы Шымқала – жастардың көзімен» тақырыбында «JAIDARMAN» ойындары өтті, деп хабарлайды AQ-QARA.KZ тілшісі.

Аталған тақырыптағы өнерлілер сайысының жаңа маусымы «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ, Шымкент қалалық және Түркістан облыстық Жайдарман филиалдарының, сонымен қатар, Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында бастау алды.

Атап айтар болсақ, бұл фестивальге 28 жайдарман тобы тіркеліп, іріктеуден 18 команда өткен және де сайыс қорытындысы бойынша қараша айының соңында өтетін маусымның басты ойынына 13 топ жолдама алып отыр. Айта кетейік, жалпы саны 150 жайдарманшының қатысуымен өткен бұл шараның басты мақсаты – жастардың бойындағы мәдениеттілікті, рухани-адамгершілікке, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту және талантты жастарға қолдау көрсету болып табылады. Сондай-ақ, жергілікті жайдарман топтарын ішкі чемпионаттың арқасында республикалық деңгейде өткізілетін телевизиялық жобаларға дайындау болып есептеледі.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 578 рет