Дүйсенбі, 28 Қазан 2019 22:48

Шымкентте «Өзіңе өмір сыйла» атты заманауи драма сахналады

Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы Самат Алтаевтың «Өзіңе өмір сыйла» атты заманауи драмасын сахналады. Қойылым жастардың өмірге деген құштарлығын оятып, өз-өзіне қол жұмсаудан бойын аулақ ұстауға шақырады.

Тың туындының тұсау кесеріне Сенат депутаты Айгүл Қапбарова арнайы қатысты. Халық қалаулысы өнер ұжымымен жүздесіп, суицидке қарсы күрес жүргізуге әртістердің де ықпалының ерекше екенін атап өтті. Жастар арасындағы құрмет пен сыйластықты шынайы сахналық көріністер арқылы жеткізу заман талабы. Қазіргі қоғамның өткір де өзекті мәселелерінің бірі – суицидке қарсы күрес жүргізу екендігі белгілі.Жасөспірімдердің өз-өзіне қиянат жасау көрсеткіші бойынша еліміздің көш бастап тұрғандығын ескерген қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы «Өзіңе өмір сыйла» қойылымын сахналау арқылы өскелең ұрпаққа достықты бағалап, өмірді сүю керектігін жеткізді.

Өнер ордасына арнайы қонақ болған халық қалаулысы Айгүл Жарылқасынқызы тақырыптың толықтай ашылғанын атап өтті. Қойылымнан соң ҚР Сенат депутаты әртістермен ашық форматтағы кездесу өткізді. Театр ұжымы сатира ғимаратының жаңартылуы мен киелі сахнаның кеңейтілуі сынды мәселелерді көтерді. «Өнердің биік шыңы - театр» деген қағиданы ұстанатын билік өкілі мәселелердің шешілуіне ат салысып, әрдайым қолдау көрсететіндігін айтты.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 670 рет