Сәрсенбі, 13 Қараша 2019 22:06

Түркістан облысы: Төлеби ауданында мәуліт мерекесі аталып өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде мұсылман баласы үшін шаттық пен қуанышқа толы Мәуліт мерекесі аталып өтті. Рухани кешке Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді, Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы Бейсенбаев және ауыл мешіттерінің имамдары мен тұрғындары қатысты. 

Шараның басты мақсаты Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани өнегелі өмірі, тәлім-тәрбиесі мол ұлағатты сөздерін жас өрендердің санасына сіңіру, жастардың дұрыс, тура жолмен жүріп-тұруына септігі тиетін хадистерді насихаттау болып табылады. Кеш барысында мәнерімен мәуліт оқылып, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз туралы мәліметтер баяндалып, көрермендерге көріністер көрсетілді. Ұлық мейрамда жыр-термелер де, күмбірлеген күйлер де ойналды. Сонымен қатар мерекеге орай «Нұртас» мейрамханасында дастарқан жайылып, құран оқытылды. Жиын соңында мұсылман қауім бір-бірін құттықтап, амандық-саулық тілесті. Мұндай шаралардың жамағатты рухани байытуда мол септігі тиері сөзсіз.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 506 рет