Жұма, 17 Сәуір 2020 13:03

Түркістан: Созақтық өнерпаздар республикалық онлайн байқауда топ жарды

«Өнерлі өрен»  онлайн байқауында "Аспапта ойнау" номинациясы бойынша Түркістан облысы, Созақ ауданының өнерпаздары жүлделі орыннан көрінді.

Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Республикалық "ӨНЕРЛІ ӨРЕН" онлайн байқауы ұйымдастырылған болатын. Аталған байқауда "Аспапта ойнау" номинациясы бойынша созақтық жас өрендер орта топ бойынша Ғазизқызы Мерей 1-орынды алса, Олжасқызы Көркем 2-орын иеленді. «Аспапта ойнау» жанры бойынша орта топтағы талантты балалардың өнеріне Құрманғазы оркестрінің Бас дирижері, күйші Абылай Тілепберген қазылық етіп, бас жүлде жүлде иегерін анықтады. Жүлделі орын алған өнерпаздар желідегі лайк саны арқылы белгілі болды.
«Кішкентай болса да, өнер айдынында өздерін жан-жақты дамытып, талпынып, биікке өрлеп келе жатқан жас өнерпаздарымызға шығармашылық шабыт тілейміз. Сіздер Созақтың мақтанышысыздар!»,-деп жеңімпаздары желі қолданушылар құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мәдениет қайраткерлеріне айрықша алғысымды білдіремін, олар сөзімен және ісімен қазақстандықтарға көмектесуде», - деген болатын. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 671 рет