Сейсенбі, 21 Тамыз 2018 08:17

Түркістан облысы: Арыста патриоттық әндер байқауы өтеді

2018 жылдың 28 тамызы күні Арыс қаласының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «30 тамыз - Конституция күні мерекесі мен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасына» орай патриоттық әндер байқауы өткізілмек.

Байқаудың мақсаты – қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, талантты, дарындыларға қолдау көрсету және ел ішіндегі таланттардың ән орындаушылық, вокалдық өнерін дәріптеу, өнерге деген құштарлығын арттыру. Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен бас жүлде, І-ІІ-ІІІ орындар анықталып марапатталады және ынталандыру сыйлықтары беріледі. Құжаттар 2018 жылдың 27 тамызына дейін қалалық ішкі саясат бөлімінде қабылданады. Байқау туралы қосымша ақпарат алу үшін: Арыс қаласының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Әл-Фараби көшесі №3 үй, /әкімшілік ғимараты/, Байланыс телефондары: 2-22-60, 2-18-00 хабарласуға болады.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 1259 рет