Шымкентте жазушы Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті

"Шуақты күндер" кітабымен оқырманға, батыр Бауыржан келіні атымен қалың қазаққа таныс Зейнеп Ахметова шырайлы қаламызға келді. "Атамның арқасында бүгінгі дәрежеге жетіп, ел ішінде еркелеп жүрмін» деген Зейнеп Әскербекқызын Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы Бақтияр Өнербаев күтіп алып, алдымен даңқты Бауыржан атамыздың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. 

Отырар ауданының туристік әлеуеті дамып келеді

Түркістан – еліміздің туристік әлеуеті зор өңірдің бірі. Облыс орталығынан бөлек, Отырар өңірі де киелі аймақ саналады. Облыс басшысы Дархан Сатыбалды «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-на арнайы барды. Іссапар барысында Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасап, «Отырар төбе» қалашығының жұмысы барысымен танысты.

Шымкент: Әскерилер қос мерекені атап өтті

Шымкент қаласының 35748 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға бригада басшылығы, офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, сарбаздар, сондай-ақ әскери бөлімнің ардагерлері мен әскери отбасылар қатысты. 

Шымкент әкімі жеңісті жақындатқандарға пәтер кілтін берді

Бүгін 9 мамыр - Жеңіс күні. Бұл жеңіс күні оңай келген жоқ. Сондықтан екінші дүниежүзілік соғыс халқымыз үшін ең қасіретті кезең болып тарихта қалады. Отанын қорғап аждаһаның аузынан қайтқан ата-апаларымыздың теңдессіз ерлігі, отаншылдық нәріне суарылған биік парасаты, асқақ адами болмысы бізге мәңгілік өнеге, өмірлік мектеп, ізгілік пен адамгершілік этолоны болып қала береді. 

Шымкент: ОҚПУ-да жаңа әскери кафедра ашылды

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Отан қорғаушылар күні қарсаңында жаңа әскери кафедра ашылды. Жаңа кафедра ҚР Қарулы Күштерінің әскери оқытылған резервін даярлауда және толықтыруда стратегиялық міндеттерді орындауға бағытталған. Бастапқыда 100 студентті қабылдаған кафедрада білім алушылар саны бүгінде 1000-ға жетіп отыр. Сондай-ақ, 27 оқытушы құрам, 9 инженерлік-техникалық құрам, 15 оқу-әдістемелік бөліммен қамтылған. Әскери кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ҚР Қарулы Күштері құрамында тиісті лауазымды қызмет атқарған, әскери-педагогикалық тәжірибесі мол офицерлер болып табылады. 

Шымкенттік депутаттар ардагерлерді құттықтады

Қалада алапат соғысқа қатысқандардан 2 ардагер бар. Олардың бірі - Нина Егоровна Масунова. 100 жастағы майдангер әжей соғыс кезінде радист болған. Ал екінші майдангер Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк қалалары үшін шайқасқан- Мұраталы Төлепберген ақсақал. Ол қан майдан шебінде жан аямай, ерлік көрсеткені үшін «Ұлы Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» ордендерімен марапатталған. Мереке қарсаңында мәслихат депутаттары Ұлы Отан соғысының ардагерлері М.Төлепбергенұлы мен Н.Масунованың шаңырағында болып, мейраммен құттықтады. 

Шымкенттік мұғалім джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды

Қазір Абу-Даби қаласында Джиу-Джитсудан Азия Чемпионаты өтіп жатыр. 1-8 мамыр аралығына жоспарланған аламан жарыста қаламыздағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұлдызай Ибраева өнер көрсетіп, алтын алқа иеленді. Алғашқы белдесуде Вьетнам спортшысымен кездесіп, жартылай ширек финалда үндістандықты ойсырата жеңген шымкенттік мұғалім финалдық кездесуде Маңғолия спортшысын ұтып, жеңіске жетті. 

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экоакциясының алғашқы аптасында 3 мыңға жуық көше бойы тазаланып, 1031 тонна қоқыс шығарылған

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы «Таза өлке» апталығы аяқталып, «Киелі мекен» апталығы басталды. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде аталған экоакция аясында атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. Облыс басшысы игі істі барынша жоғары дәрежеде атқаруға және барлық құрылымды жұмылдыруды тапсырды.

Түркістан облысында «Таза өлке» апталығында 1500-ге жуық көше тазартылды

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апталықта Түркістан облысындағы 17 аудан-қала аумағындағы 140 шақырым өзен бойлары мен 1 500-ге жуық көше, үй аулалары тазартылды.