Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза өлке – Түркістан» науқаны қарқынды өтуде. Акция аясында «Таза өлке» апталығы көшелерді тазалаудан басталды. Аталған шараға қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті тұрғындар белсенділік танытып, туған жер табиғатының түрленуіне үлестерін қосты. Атап айтсақ, игі бастамаға Сарыағаш ауданы қолдау білдіріп, қоқыс қалдықтары мен арық ішіндегі шөптерден тазарту жұмыстарын жүргізді.

Дархан Сатыбалды түркістандықтарды «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті.

Шымкентте 27 жаңа базалық станция орнату жоспарлануда

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков “Beeline Қазақстан” компаниясының бас атқарушы директоры Евгений Настрадинмен кездесті. Кездесу барысында қала аумағындағы байланыс пен интернет сапасын жақсарту жолдарын талқылады. 

Түркістан облысында «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 297 нысан пайдалануға берілген

2023 жылы Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 166 елді мекенде 352 жоба іске асырылып, 31,3 млрд. теңге игерілді. Нәтижесінде 297 жоба пайдалануға тапсырылды. Аталған жобаны сәтті жүзеге асыруды жалғастыру мәселесі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде талқыланды.

Түркістан облысында тауарлы балық өсірумен айналысатын кәсіпкерлер саны 224-ке жетті

Түркістан облысында «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітіліп, өткен жылы 6847 тонна балық өндірілген болатын. Биыл 7000 тонна балық өсіру жоспарланып отыр. Бүгінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы орайда Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен бір топ БАҚ өкілі Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы «Казиханов» шаруа қожалығының жұмыс барысымен танысты.

Қала әкімінің әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы шешімі қолдау тапты

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Күн тәртібіне Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне көрсетілетін көмек көлемін 1 329 120 теңгеден (360 АЕК) 2 000 000 теңгеге (542 АЕК) дейін арттыру мәселесі шығарылды. Тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетіледі. Өткен жылы оларға 41 400 теңге (12 АЕК) төленсе, биыл бұл сома 55 380 теңгеге (15 АЕК) ұлғайтылды. Қалада 1872 тыл еңбеккері ақшалай төлем алады. 

Түркістан облысында Бұхар бұғыларының саны 200-ден асты

Сырдария маңын мекен еткен бұғылар 1956 жылы ұшты-күйлі жоғалып кеткен. 2000 жылы Сырдария өзенінің бойындағы тоғай орманынан 2 гектар жер учаскесіне қоршау орнатылып, Бұхар бұғыларының тұқымбағы салынған. Бүгінде Түркістан облысында Бұхар бұғылары көбейген. Осы ретте Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мұрындық болуымен журналистер «Сырдария-Түркістан» табиғи өңірлік паркіне барып, Бұқар бұғыларын көрді.

Түркістан: облыс әкімі Қытай инвесторларымен бірлескен жобаларды талқылады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай делегациясымен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы жайлы, оның ішінде Түркістан облысымен арадағы сауда-экономикалық байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды.

Түркістанда Сарыағаш шипажайын жақсарту жұмыстары талқыланды

Түркістан өңірінде емдік-сауықтыру туризмі дамып келеді. Бұл тұрғыда Сарыағаш ауданының үлесі зор. Өңірдегі 75 шипажайдың 60-ы осы ауданда. Алайда оның ішінде 3 шипажай статистика органдарына тіркелмеген. Таяуда Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде Сарыағаш шипажайлары мен ондағы мәселелер қаралды. Өңір басшысы жауапты құрылымдарға мұқият қарауды тапсырды.

Түркістан облысының әкімі Мәслихат депутаттарын қоғамды дамытуға бірлесе үлес қосуға шақырды

Түркістан сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, жаңадан сайланған депутаттарға сәттілік тіледі.