Түркістан облысында қалдықтарды өңдеп, ауыл шаруашылығына қажетті заттар шығаратын цех бар

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапарында ерекше кәсіпорынның қазіргі жай-күйімен танысты. Атап айтқанда, Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Келес Пласт» ЖШС-нің қайта өңдеу цехында болды.

Түркістан: Келесте биыл 600 орындық жайлы мектеп пен спорт нысаны пайдалануға беріледі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапары барысында Абай ауылында бой көтеріп жатқан спорт нысанының құрылыс алаңында болды. Онда жүргізіліп жатқан жұмыс барысын бақылап, мердігермен кездесті.

Дархан Сатыбалды Келестегі көпір мен су нысанының жағдайын қадағалады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Келес тұрғындарымен кездесуінде көпшілік тарапынан аудандағы көне көпірдің жағдайы айтылған болатын. Ел тілегі ескеріліп, өңір басшысы ол мәселені шешіп берді.

Түркістан облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күшейтілді

Түркістанда Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб мәжілісі өтті. Штаб төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қоғамның дертіне айналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті жандандыру қажет екенін айтып, жауапты мекеме басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды.

Дархан Сатыбалды Кореяда білім алып жатқан жастармен кездесті

Түркістан облысынан барған делегация мүшелері білім және ғылым салаларында ынтымақтастық орнату үшін Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындарының бірі Woosong университетінің Солбридж халықаралық мектебінде болды. Дархан Сатыбалды оқу ордасының студенттік қалашығында болып, сонда білім алып жатқан қазақстандық жастармен жүздесті. Жоғары оқу орны өндіріске негізделген техникалық мамандар дайындайды.

Түркістан облысының делегациясы кореялық кәсіпорын басшыларымен келіссөздер жүргізді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс делегациясы Оңтүстік Корея мемлекетіне іссапармен барды. Делегация басшысы Оңтүстік Кореяның бірқатар ірі компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

Түркістан облысында жыл басынан бері 24 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған

Түркістан облысында 2024 жылдың басынан бері 24 167 адам жұмысқа орналасса, оның 8 611-і тұрақты қызметке орналасқан. Сондай-ақ, 1004 азамат - жастар практикасы бағдарламасымен жұмыс тапса, 2 770 адам - әлеуметтік, 9 206 адам - қоғамдық жұмыс орындарында жұмыс істеуде.

ШЫМКЕНТ: МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ XV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

 

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысқан сессия отырысына әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессияны мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіндегі мәселелерді қарады. Сондай-ақ, жиында бірқатар басқарма басшылары атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын баяндады.

 

Жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын дамыту, Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы мәселе күн тәртібінде қаралды. Мәслихат депутаттары қала басшысының бұл шешіміне қолдау білдірді. Осылайша 1 мамырдан бастап бірнеше тұрғындар санатына қоғамдық көлікпен тегін жүру жеңілдіктері берілетіні айтылды.

Жолаушылар көлігінің сапасы да қала әкімінің жіті бақылауында. Мәслихат отырысында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар, жоспарлар талқыланды.