ШЫМКЕНТ: ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ КИЕЛІ МЕКЕНДЕРДЕ ЖАЛҒАСТЫ


#TazaShym жалпықалалық тазалық іс-шарасының екінші аптасы мегаполисте ауқымды істермен жалғасты. Акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» атауымен аталып, қаламыздың әулиелі жерлерін тазалаудан басталды. Абай ауданы әкімдігі тазалық жұмыстарын Шымкенттің кіре берісіндегі Темірші әулие кесенесінен бастады.
– Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған республикалық «Таза Қазақстан» акциясын бүкіл халық болып қолдаймыз. Игі шараның аясында қаламыз көркейіп, қоршаған ортамыз тазаланып қалды. Ең бастысы жастарымыз бұл істен үлгі алып, тазалыққа белсене кірісуде, - дейді қоғам белсендісі, зейнеткер Орынша Тәжібаева.
Абай ауданы әкімдігі акция аясында Темірші әулие кесенесінің аумағын, «Алтын төбе» мешітінің айналасын, Бадам станциясына дейінгі көше бойын тазалап, 1000-ға жуық тал-дарақтарды әктеп, шөптерді орып, ретке келтірді. Жол бойындағы аялдамалар тазаланып, орындықтар сырланды. Тазалық жұмыстарына 500-ге жуық мекеме қызметкерлері мен қоғам белсенділері, жастар атсалысты. Сондай-ақ, іс-шарада 10-ға жуық техника жұмылдырылып, «KazStroi» ЖШС мекемесі, «СуШар» мекемесінің 300- ге жуық қызметкері жұмыс істеді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырған болатын. Шымкенттіктер өз қалаларын көгалдандыруға және оны абаттандыруға белсенді кіріскенін атап өткен дұрыс. Қала әкімдігінің жұмысында қаланы көгалдандыру әрқашан бірінші орында тұр.

Тілге тиек етейік, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандарының айтуынша, 30 жыл ішінде экология саласында көп жұмыс атқарылды.

ШЫМКЕНТТЕГІ МӘДЕНИ-ТАРИХИ КЕШЕНДЕР ТАЗАРТЫЛУДА

«Таза өлке» экологиялық апталығы барысында Әл-Фараби ауданының аумағында орналасқан тарихи-мәдени кешендер, ескерткіштер тазартылды. Аудан әкімдігі мен қоғам белсенділері игі шараға белсене кірісті.
#TazaShym жалпықалалық тазалық шарасына қатысушылар — Әл-Фараби ауданының коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Эталон» ЖШС мердігер мекемесі қызметкерлері Әлия Молдағұлова көшесінде орналасқан Ә.Молдағұлова ескерткішінің айналасын қоқыстардан тазартып, ескерткішті жуып тазалады. Одан кейін аудан тазалықшылары Д.Қонаев және Тәуке хан даңғылының қиылысында орналасқан Д. Қонаев ескерткішін тазартты. Әл-Фараби ауданындағы тазылық жұмыстары мұнан кейін «Цитадель» этно кешенінде жалғаспақ. Ол аумақтағы іс-шараға мектеп оқушылары да атсалысады.
Тазалық акциясына қатысушылар қаламыздағы туристік аймақтарды күтіп ұстау тек мемлекеттің емес, барша азаматтардың міндеті деп білеміз дейді. Аудан белсенділері қала жастарын тазалық акциясына белсене қатысуға және қаламызды таза ұстауға шақырды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен басталған тазалық акциясының екінші аптасы. Жоспар бойынша акция «Киелі мекен» деп аталып, әр ауданданның тарихихи мәдени кешендерінде іс-шаралар өткізілуде.

Тілге тиек етейік, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандарының айтуынша, 30 жыл ішінде экология саласында көп жұмыс атқарылды. Статистикаға сәйкес, еуропа елдерінде әр адамға 24 шаршы метр жасыл желек келеді. Шымкентте әзірге 5-6 шаршы метр. Жан басына шаққандағы жалпы стандарт бойынша жасыл желектер кемінде 10 шаршы метр болуы керек. Қала әкімдігі қызметкерлерінің жоспарлары бойынша, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады!

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЕСКЕРТКІШТЕР МАҢЫН ТАЗАЛАДЫ

Бүгін «Киелі мекен» апталығы аясында өтіп жатқан #TazaShym жалпықалалық іс-шарасы Еңбекші ауданындағы Жібек жолы көшесінде орналасқан Тұрар Рысқұлов гүлзарында жалғасты. Іс-шараға Еңбекші ауданы әкімдігі, «Группа Интеко» мекемесі, қала тұрғындары атсалысты. Тазалық акциясы аясында гүлзар аумағы, оның айналасындағы ескерткіштер, аялдамалар көшелер мен өткелдер күл-қоқыстан тазартылып, ағаш көшеттерінің түбін қопсыту, түптерін әктеу, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, шамдарды тазалау жұмыстары атқарылды.
– Айнала көгеріп жатқанда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған іс өте орынды. Шараға біздің аудан да белсене атсалысып, өзіміздің аудан бойынша әрбір аймақ жоспармен тазартылып жатыр. Әрбір елін-жерін сүйетін ұлтжанды азамат қоршаған ортаға деген қамқорлығын осы тазалық акциясына атсалысу арқылы көрсете алады. Елімізде осындай пайдалы, игі шаралар артқаны тазалықты ғана емес, қаламызға деген сүйіспеншілікті де дәріптейді, – деді Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы.
Бүгінгі шараға жалпы 500- ге жуық адам атсалысып, аталған аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырған болатын. Шымкенттіктер өз қалаларын көгалдандыруға және оны абаттандыруға белсенді кіріскенін атап өткен дұрыс. Қала әкімдігінің жұмысында қаланы көгалдандыру әрқашан бірінші орында тұр.

Экологиялық акция барысында жалпы саны 700-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды.

Сонымен қатар, тазалық шарасында аумақты қоқыстан тазалау, шөп ору және ағаш ақтау жұмыстары жүргізілді. Жалпы бұл акция басталғалы 4500-тан астам тұрғын атсалысты.

 

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ОРНАЛАСҚАН ҚАРАШАШ АНА КЕСЕНЕСІНІҢ МАҢЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

«Киелі мекен» апталығы аясында өтіп жатқан #TazaShym жалпықалалық шарасы Қаратау ауданында да жалғасын тапты. Аудан әкімдігі іс-шара барысында Қаратау ауданында орналасқан кесенелер мен зираттарды тазартуды жоспарлап отыр. Аудандағы бүгінгі іс Сайрам тұрғын алабындағы Қарашаш ана кесенесін тазалаудан басталды. Игі шараға аудан әкімдігі, «Қаратау коммуналдық мекемесі», аудан тұрғындары, еріктілер, оқушылар атсалысты. Тазалық акциясы аясында кесене маңындағы ағаш, бұталар ретке келтіріліп, түптері ағартылды. Бордюрлер мен орындықтар, қоршаулар сырланды. Кесене маңындағы өсіп кеткен шөптер орылып, кесененің іші, сырты шаңнан тазартылды.
– Бүгінгі игі шараға ауылымыздың тұрғындары жас демей, кәрі демей түгел қатысып отыр. Бұл тазалық акциясы тазалықты ғана насихаттап қоймай, елімізді бірлікте болуға, өзінің Отанын, туған жерін, қаласын сүюге тәрбиелеп жатыр деп ойлаймын.Біз, зиялы қауым өкілдері, Мемлекет басшысының игі қадамын қолдап, белсене атсалысып келіп отырмыз, — деді Сайрам тұрғын алабының төбе биі Хавазмат Төлеметов.
Айта кетейік, бүгінгі шараға Жастар ресурстық орталығынан 20-ға жуық ерікті, тазалық мекемелері, зиялы қауым өкілдері, аудан жастары, мектеп оқушылары, жалпы 100-ге жуық адам атсалысып, аталған аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстары ертең Ибрагим ата кесенесінде жалғасып, жалпы апталық аясында 4 кесене мен бірнеше зиратты тазарту жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырған болатын. Шымкенттіктер өз қалаларын көгалдандыруға және оны абаттандыруға белсенді кіріскенін атап өткен дұрыс. Қала әкімдігінің жұмысында қаланы көгалдандыру әрқашан бірінші орында тұр.

Қоғамдық кеңес Түркістан облысы әкімінің жұмысын оң бағалады

Түркістанда облыстық Қоғамдық кеңестің жиырма тоғызыншы отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов қатысты. Сонымен бірге отырысқа әкім орынбасарлары, аппарат, басқарма басшылары, саяси партиялардың облыстық филиалдарының басшылары да болды. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы Байділдә Жылқышиев жүргізіп отырды.

ШЫМКЕНТ: ЕNBEK.KZ ПОРТАЛЫНДА 1352 БОС ЖҰМЫС ОРНЫН ҰСЫНҒАН


Жарияланған жұмыс орындарының ең көбі Әл-Фараби ауданында орналасқан. Қазір аудандағы жұмыс берушілер 188 орнын ұсынып отыр. Одан кейінгі 84 бос жұмыс орнымен Қаратау болса, Абай ауданында – 79, Еңбекші ауданында – 78 және Тұран ауданында 69 бос жұмыс орын бар.

Жарияланған бос жұмыс орындарының айлық жалақысы 85 мың теңгеден 500 мың теңге аралығында. Қазіргі сәтте жұмыс берушілер тарапынан медицина және фармацевтика саласына сұраныс жоғары. Осы бағыт бойынша 106 орын бар. Еңбекақысы – орта білімді мамандар үшін 85 000-200 000 аралығында болса, дәрігерлер мен медициналық мекеме басшылығы қызметі үшін 120 000- 600 000 мың теңгеге дейін төленетіні көрсетілген.

Кейінгі орында білім беруді дамыту саласы тұр. Аталған саладағы біліктілігі жоқ, яғни мекеме тазалығына жауапты қызметкерлерге 85 000-100 000, ал мектепте пән мұғалімдеріне 137 000-362 000 теңге аралығында төленетіні көрсетілген.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша 5 жұмыс орны жарияланып, жұмыс берушілер 85 000-150 000 теңгеге дейін айлық жалақы тағайындап отыр.

Жұмыс берушілер жас мамандарға да жақсы еңбекақы төлейтін жұмыс орындарын ұсынып отыр. Порталда бұл бағыт бойынша 29 хабарламаға 85 жос жұмыс орнын ұсынып, айлық жалақысын 100 000- 500 000 теңге аралығында екенін көрсеткен. Жұмыс орындарының басым бөлігі қызмет көрсету мен техникалық мамандықтарға тиесілі.

Порталда мүгедектігі бар азаматтарға да бос жұмыс орындары қарастырылған. 9 хабарламаға 48 бос жұмыс орны жарияланып, 85 000-157 000 теңге аралығында еңбекақы төленетінін көруге болады. Саласына тоқталар болсақ, сатушы-кеңесші, 1С программисі, графикалық дизайнер, спорт жаттықтырушы-оқытушысы, Call-орталығының операторы, заңгердің көмекшісі секілді орындар бар.

Ұсынылған жұмыс орындарының саны үнемі өзгеріп отырады.

Түркістанда IT университетін құру жобасы талқыланды

«Түркістан IT университетін» құру туралы келіссөздер жүргізілді. Осы мақсатта Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды СДУ университетінің ректоры Әлімжан Игенбаевпен кездесіп, облыс орталығында жоғары оқу орнының үлгісімен IT университетін ашу жобасын талқылады.

ШЫМКЕНТТІҢ ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 94 ПАЙЫЗДАН 96 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Қалада табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған. 2023 жылы 9 нысанның (Қайнарбұлақ 1,2 кезек, Ынтымақ-2, Тұран, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га, Нұртас) құрылыс жұмыстарына 5,6 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды (Тұран, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га, Нұртас).

Нәтижесінде, 49 мыңға жуық адам табиғи газ жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 94%-дан 96%-ға өсті.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз жиынында Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Азат Қайнарұлы мәлімдеді.

Брифинг барысында басқарма тарапынан өткен жылы атқарылған жұмыстар пен жетістіктер, 2024 жылға арналған жоспарлар айтылды.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, қаладағы ең өзекті мәселе – кәріз жүйесі. Шаһардағы 25 шағынауданның халқы, яғни 713,5 мың адам кәріз жүйесімен қамтылған. 2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 млрд. теңге бөлініп, көпқабататты тұрғын үйлермен қоса 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, 2024 жылы 2 магистральды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистраль, Шымсити коллектор) және 6 ішкі орамдық жүйенің (Мирас-Шапағат-2, Нұртас, Тұран, Айқап, Қайтпас-1, Солтүстік-Батыс) құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 12,8 млрд.теңге жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары сәуір айынан басталды.

Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 522 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде, 2021 жылы ГЧП аясында 107 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 47 %-ға өсті.

2022 жылы ГЧП аясында 105 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 47 %-ден 69 %-ға өсті. 2023 жылы 90 көше жарықтандырылып 69 %-дан 70%-ға өсті.

2024 жылы басқарма тарапынан Тұран шағынауданындағы магистралды 13 көшені жарықтандыру, аудан әкімдіктері тарапынан 5 аудан көлемінде 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарлануда.

Брифинг барысында қала халқын электр жарығымен қамтамасыз ету де сөз болды. Қазіргі таңда 81 елдімекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған.

- 2024 жылы 4 елді мекеннің (Сайрам, Бозарық, Асар-2, Құрсай) жаңа құрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша 2024-2025 жылдарға жоспар құрылған.

Жақында ғана Асар-2 елдімекенінде РП-10кВ электр станциясы іске қосылды. Жергілікті халықты сапалы жарықпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар былтыр қараша айында басталды. Қала басшысының тапсырмасына сәйкес құрылыс мерзімінен бұрын аяқталып, нәтижесінде 1150 абонент үздіксіз электр қуатына қол жеткізді, – деді Азат Қайнарұлы.

Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 522-сі жарықтандырылған. 2023 жылы 90 көше жарықтандырылып, көрсеткіш 69%-дан 70%-ға өскен.

Шымкент қаласында 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендері ауыз суды кестемен тұтынады. Биыл осы аталған елді мекендер мен Қайтпас-1, Бозарық тұрғын алабының жаңа құрылыс аумақтарын ауыз сумен толық қамту жоспарлануда. Осының нәтижесінде елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 100%-ға жетеді.

 

 

 

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ОРТАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 1000 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 522 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде, 2021 жылы ГЧП аясында 107 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 47 %-ға өсті.

2022 жылы ГЧП аясында 105 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 47 %-ден 69 %-ға өсті. 2023 жылы 90 көше жарықтандырылып 69 %-дан 70%-ға өсті.

2024 жылы басқарма тарапынан Тұран шағынауданындағы магистралды 13 көшені жарықтандыру, аудан әкімдіктері тарапынан 5 аудан көлемінде 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарлануда.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз жиынында Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Азат Қайнарұлы мәлімдеді.

Брифинг барысында басқарма тарапынан өткен жылы атқарылған жұмыстар пен жетістіктер, 2024 жылға арналған жоспарлар айтылды.

Электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша қазіргі таңда 81 елдімекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған.

- 2024 жылы 4 елді мекеннің (Сайрам, Бозарық, Асар-2, Құрсай) жаңа құрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша 2024-2025 жылдарға жоспар құрылған.

Жақында ғана Асар-2 елдімекенінде РП-10кВ электр станциясы іске қосылды. Жергілікті халықты сапалы жарықпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар былтыр қараша айында басталды. Қала басшысының тапсырмасына сәйкес құрылыс мерзімінен бұрын аяқталып, нәтижесінде 1150 абонент үздіксіз электр қуатына қол жеткізді, – деді Азат Қайнарұлы.

Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 522-сі жарықтандырылған. 2023 жылы 90 көше жарықтандырылып, көрсеткіш 69%-дан 70%-ға өскен.

Шымкент қаласында 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендері ауыз суды кестемен тұтынады. Биыл осы аталған елді мекендер мен Қайтпас-1, Бозарық тұрғын алабының жаңа құрылыс аумақтарын ауыз сумен толық қамту жоспарлануда. Осының нәтижесінде елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 100%-ға жетеді.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, қаладағы ең өзекті мәселе – кәріз жүйесі. Шаһардағы 25 шағынауданның халқы, яғни 713,5 мың адам кәріз жүйесімен қамтылған. 2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 млрд. теңге бөлініп, көпқабататты тұрғын үйлермен қоса 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, 2024 жылы 2 магистральды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистраль, Шымсити коллектор) және 6 ішкі орамдық жүйенің (Мирас-Шапағат-2, Нұртас, Тұран, Айқап, Қайтпас-1, Солтүстік-Батыс) құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 12,8 млрд.теңге жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары сәуір айынан басталды.

 

Дархан Сатыбалды Түркістан облысында су үнемдеу технологиясын пайдалану көрсеткішін көтеру бойынша нақты тапсырмалар берді

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін озық технологияны пайдалану көрсеткішін көтеру мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды су үнемдеу технологияларын өндіруші, жеткізуші кәсіпорындар мен тауар өндірушілермен кездесті. Оларды байланыстырып, заманауи технологияларды ендіру бойынша ұсыныстарын тыңдады.