Түркістан облысында карьерлерді заңсыз пайдаланушыларға қарсы күрес жалғасуда

Түркістан облысында заңсыз карьер қазушыларға қарсы күрес күшейтіле түсті. Осы салада атқарылған жұмыстар мен жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық отырысында талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды табиғатқа зиянын тигізіп, заңсыз әрекетке барған жер қойнауын пайдаланушыларды қатаң бақылауға алып, тиісті жұмыстар жүргізуді жалғастыруды тапсырды.

Түркістан: облыс әкімінің орынбасары Арыс қаласында салынып жатқан жаңа нысандарды аралады

Бүгін Арыс қаласына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров арнайы іссапармен барып, жаңа нысандардың құрылыс жұмыстармен танысты. Аралау барысында Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қалада салынып жатқан нысандар мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Түркістан облысындағы экоакцияға Алтай республикасынан келген туристер де өз үлестерін қосты

Түркістан облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының екінші апталығы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысында карьерлерді заңсыз қолданушыларға қарсы күрес күшейді

Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар қатары азаймай отыр. Өзен-көлдерден заңсыз құм, қиыршық тас қазып алып, сатып жүргендер қоршаған ортаға залал келтіруде. Түркістан облысында заң бұзушыларды анықтау және көлеңкелі жер қойнауын пайдалану фактілерінің жолын кесу жұмыстары бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді.

Түркістан: «Тұран судың» техникалары мен мамандары батыста Жайық өзенінің бөгетін нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр

Түркістан облысының «Тұран су» МКК-ның мамандары мен техникалары Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданындағы Шағатай ауылын тасқын судан қорғау мақсатындағы мобильді топтың құрамында жұмысқа кірісіп кетті. Қазіргі таңда мобильді топ Жайық өзенінің дамбысын көтеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Түркістан: облыс әкімі Сарапхана ауылдық емханасының жағдайымен танысты

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады. Бұған дейін облыс әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауларында Сарапхана ауылдық емханасының мәселесі көтерілген болатын.

Түркістан: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жандандыру жолдары қаралды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша жиналыс өткізді. Жиынға жауапты басқарма басшылары мен осы салаға қызығушылық танытып отырған инвесторлар қатысты.

Түркістан облысында жолаушылар тасымалының динамикасы 10,8 пайызға артқан

Түркістан облысында 39 тасымалдаушы 283 тұрақты бағыт бойынша 1208 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде. Оның ішінде облысаралық – 72 , ауданаралық – 32, қалалық – 48, ауданішілік – 131 тұрақты бағыт бар.

Түркістан облысында экоакцияның «Киелі мекен» апталығында 170 іс-шара өткізіледі

Түркістан облысында 1 780 тарихи-мәдени ескерткіш, 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығында облыс бойынша 170 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бұл жайында Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

Түркістандықтар су басқан аймақтарға барынша көмек көрсетіп жатыр

Түркістан облысынан 10 жүк көлігіне тиеліп жіберілген 200 тонна гуманитарлық көмек Батыс Қазақстан облысына жеткізілді. Сонымен бірге өңірден аттанған 50 ерікті де сол аймақта гуманитарлық көмекті үйлестіру, тасқын судың алдын алу жұмыстарын атқарып жатыр.