Түркістан өңірі шаруаларымен кездескен министр су жайын егжей-тегжейлі талқылады
ҚР Су ресурстары жәнге ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бастаған топ Шардараға іссапармен келді.
ҚР Су ресурстары жәнге ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бастаған топ Шардараға іссапармен келді.
Пленарлық отырысқа ҚР Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Дархан Қыдырәлі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының басшысы Рауан Кенжеханұлы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев және өзге де зиялы қауым өкілдері, қоғам мен мәдениет қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдар мен оқытушылар, білім беру жүйесінің басшылары, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. Іс-шарада университет ректоры Жанар Темірбекова модераторлық етті.
Түркістан қаласында «Қазақ тілі – ғылым тілі: дәстүр және инновация» симпозиумы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы – 2023» және «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген мәжілісі өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев жүргізген жиында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды.
Шымкент қаласында биыл Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан 1368 мүгедектігі бар азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, бүгінге дейін орындалғаны - 421. Бұл үшін жұмыс берушілерге арнайы квота бекітіліп, мекемлерде жұмысшы санына қарай 2- 4 пайыз мөлшері аралығында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуы тиіс.
Бүгін «АМАНАТ» партиясының әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамту жөнінде сайлауалды бағдарламасының іске асуын бақылау үшін Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, қалалық мәслихат депутаты Алина Дубинина партиялық бақылау жүргізді. Алдымен Шымкент қалалық перзентханада болған партиялықтар осында арнайы квота негізінде жұмысқа қабылданған Эльмира Затыбекова және Әсел Медеубаевамен тілдесті.
Жуырда ғана жумысқа орналасқан жандар ризашылығын жеткізіп, бүгінгі жұмыс орны мен төленетін айлық жалақысына көңілі толатынын айтты.
Мұнан кейін бақылаушы топ Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейінде болды. Аталған мекеме жыл басынан бері 2 мүгедектігі бар адамды жұмысқа қабылдап отыр. Бірі – аула сыпырушысы, бірі – мектеп күзетшісі. Мектеп директоры Раушан Алмаханқызының айтуынша, екі азамат та өз ісіне жауапты, жүктелген міндетін ұқыпты орындайды екен.
–Біздің мектепте екі техникалық қызметкерден бөлек, 7 мүгедектігі бар мұғалім қызмет атқарады. Олардың атқарған қызметіне көңіліміз толады. Өз жұмысын аса ұқыпты орындауымен өзге әріптестеріне үлгі көрсетіп отыр, –деді №7 IT мектеп-лицейінің бас ұстазы.
Жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларына қатысқан мүгедектігі бар азаматтардың 13-і жастар практикасы бағдарламасымен, «Осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы аясында – 5, қоғамдық жұмыс – 97, алғашқы жұмыс орны – 19, «Күміс жас» - 32 және өзге де бос жұмыс орындарына 168 адам жолданса, «Бизнес-Бастау» жобасы шеңберінде 87 адам білімін жетілдірді.
Түркістан облысында Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларының көлемін арттыру тапсырмасын жоғарғы деңгейде орындауға толық мүмкіндік бар. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың Түркістан облысына іссапары барысында су шаруашылығының проблемалары және су үнемдеу технологиясын енгізу мәселесі жөнінде өткізген мәжілісте айтылды.
2024 жылы қаламызда 81 елді-мекеннің 79-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 2 елді мекен кестемен (Құрсай, Сайрам,) қамтамасыз етілуде.
2023 жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды.
Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті. Сонымен қатар, 2024 жылы Құрсай, Сайрам тұрғын алабы аумақтарын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауыз су жүйесімен 100%-ға қамтамасыз ету жоспарлануда.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз жиынында Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Азат Қайнарұлы мәлімдеді.
Брифинг барысында табиғи газбен қамту шаралары да сөз болды. Қалада табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған. 2023 жылы 9 нысанның (Қайнарбұлақ 1,2 кезек, Ынтымақ-2, Тұран, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га, Нұртас) құрылыс жұмыстарына 5,6 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды (Тұран, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га, Нұртас).
Нәтижесінде, 49 мыңға жуық адам табиғи газ жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 94%-дан 96%-ға өсті.Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, қаладағы ең өзекті мәселе – кәріз жүйесі. Шаһардағы 25 шағынауданның халқы, яғни 713,5 мың адам кәріз жүйесімен қамтылған. 2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 млрд. теңге бөлініп, көпқабататты тұрғын үйлермен қоса 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, 2024 жылы 2 магистральды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистраль, Шымсити коллектор) және 6 ішкі орамдық жүйенің (Мирас-Шапағат-2, Нұртас, Тұран, Айқап, Қайтпас-1, Солтүстік-Батыс) құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 12,8 млрд.теңге жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары сәуір айынан басталды.
Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 522 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде, 2021 жылы ГЧП аясында 107 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 47 %-ға өсті.
2022 жылы ГЧП аясында 105 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 47 %-ден 69 %-ға өсті. 2023 жылы 90 көше жарықтандырылып 69 %-дан 70%-ға өсті.
2024 жылы басқарма тарапынан Тұран шағынауданындағы магистралды 13 көшені жарықтандыру, аудан әкімдіктері тарапынан 5 аудан көлемінде 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарлануда.
Брифинг барысында қала халқын электр жарығымен қамтамасыз ету де сөз болды. Қазіргі таңда 81 елдімекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған.
- 2024 жылы 4 елді мекеннің (Сайрам, Бозарық, Асар-2, Құрсай) жаңа құрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша 2024-2025 жылдарға жоспар құрылған.
Жақында ғана Асар-2 елдімекенінде РП-10кВ электр станциясы іске қосылды. Жергілікті халықты сапалы жарықпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар былтыр қараша айында басталды. Қала басшысының тапсырмасына сәйкес құрылыс мерзімінен бұрын аяқталып, нәтижесінде 1150 абонент үздіксіз электр қуатына қол жеткізді, – деді Азат Қайнарұлы.
Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 522-сі жарықтандырылған. 2023 жылы 90 көше жарықтандырылып, көрсеткіш 69%-дан 70%-ға өскен.
Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрында Эльмира Макашеваның аудармасындағы драматург Асахмат Айларовтың «Келісімшарт бойынша қалыңдық!» комедиясы сахналанды. Премьераға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысы Әзімхан Қойлыбаев пен театр сүйер қауым қатысты.
Шымкентте «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастырумен қонақ үй бизнесі әкімшілеріне арналған оқыту семинары басталды. Семинарға барлық деңгейдегі қонақ үй бизнесінің әкімшілері қатысып, практикалық білімімен қатар бәсекеге қабілеттілік, қонақжайлылық индустриясында табысты жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды үйренді.
Семинардың басты спикерлері – қонақүй және мейрамхана индустриясында тәжірибелері мол танымал мамандар. Соның бірі қонақ үй және мейрамхана бизнесінде 15 жылдан астам тәжірибесі бар, қонақ үй бизнесін дамыту бойынша сарапшы, «Silk Road Samarkand» халықаралық туризм университетінің және Swissam университетінің профессоры, бизнес-тренер Артём Клыков тәжірибесімен бөлісті.
Семинар-тренинг екі күнге жалғаспақ. Екінші күні «Hilton Astana», «Hampton by Hilton Turkistan» қонақүйлерінің коммерциялық директоры, бизнес- тренер Анна Суханова қатысушылармен тиімді коммуникациялар және маркетинг стратегиялары саласындағы білімдерін жетілдіру бойынша тәжірибесімен бөліседі деп күтілуде. Қатысушылар сондай-ақ «Hilton Astana» қонақ үйінің HR директоры – Ольга Чесноковадан қызметкерлерді жалдау және жұмыста тұрақтандыру бойынша білім алады.
Айта кетейік, бұл іс-шара 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы жылдар аралығында отандық мамандармен бірге Түркия, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан келген жаттықтырушы мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Туристік индустрияның 250-ден астам өкілі біліктілігін арттыру туралы сертификат алды. Бүгінгі семинарға да 30-ға жуық қонақ үй және мейрамхана әкімшілері қатысуда. Семинардан соң қатысушыларға біліктілігін арттырғаны жайында сертификат табысталмақ. Қонақжайлылық саласында табысқа ұмтылып, білімін жетілдіргісі келгендер үшін бұл семинар-тренинг өсу мансабында жаңа биіктерге жетудің негізгі қадамы болмақ.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдегі мерзімі өтіп кеткен «сақалды» құрылыстар бойынша нақты тапсырмалар берді. Құрылысы басталып, жылдар бойы не бітпей, не бұзылмай тұрған нысандар бойынша аудан, қала әкімдерінің жұмысын қатаң сынға алды. Осы мәселеге қатысты жауапкершіліктерін қарауды тапсырды.